banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Аудандық «Заманауи білім беру ұйымдарындағы әскери-патриоттық тәрбие берудің өзекті мәселелері» атты оқу-әдістемелік семинар

 

    Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде аудандық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскерлері және аудан бойынша 21 мектептен 55 мұғалім қатысты.

   Ең алдымен аталмыш іс-шараның ашылу салтанаты ұйымдастырылып, қоңақтарды алдағы өткізілетін бағдарламамен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Тәжірибелік кезеңде Мейрамбек Түсіпбеков пен Айдана Жақсыбаеваның ұйымдастыруымен "Роботтарды басқару алгоритмі" тақырыбында 10-шы сынып оқушыларымен алғашқы әскери дайындық және информатика, Әйгерім Түсіпова мен Қымбат Бекбаулова 9-шы сынып оқушыларымен бірге "Тың игеру жылдарындағы Қазақстан" тақырыбында тариx және география, "Балдәурен" шағын орталығының тәрбиешісі Әйгерім Құрмансейтова "Үй жануарлары" атты тақырыпта кішкентай бүлдіршіндермен ашық сабақ өткізілді.

   Ашық сабақтар аяқталған соң қонақтарымыз мектеп мұражайын аралап, тариxқа шолу жасалды. Іс-шара тек бұнымен ғана шектеліп қоймай, тәрбие сағаттарымен, тариxи танымдық, әскери спорттық сайыстармен өз жалғасын тапты. Атап айтсақ, даярлық топта Райxан Анапьянованың ұйымдастыруымен "Мен Отанымның ұланымын", "Балдәурен" шағын орталығының тәрбиешісі Гүлжаһан Балтабекованың жас бүлдіршіндермен бірге өткізген "Күн дидарлы-Қазақстан" тақырыбында тәрбие сағаты , Әйгерім Түсіпова 8-9-сынып оқушыларының қатысуымен "Біздің еліміздің тариxи кезеңдері" атты тартысқа толы тариxи танымдық сайысы, Мейрамбек Түсіпбеков 10-шы сынып оқушылары арасында "Ұранды елдің-ұрпағы қайсар"атты әскери спорттық сайысы өткізілді.

   Келген қонақтардың қатысуымен мектеп ұжымы қызықты тренинг ұйымдастырды. Қонақтарымыз қызықты тренингтан бір сергіп қалып, көтеріңкі көңіл-күймен семинардың жабылу салтанатын тамашалады.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz