banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Аудандық Абай оқулары

    Жайма жалпы орта білім беру мектеп базасында Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай ХХІ аудандық Абай оқулары өтті. Аталған шараға аудандағы 24 мектептен 65 оқушысы қатысты.

   Абай оқулары 3 секциядан тұрды. Бірінші Абай Құнанбайұлының өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқу секциясы, екіншісі әндерін орындау мен үшінші секция жыр мүшәйрасы.

   Оқушылардың жетекшілерімен мектеп психологі Нығманова Гүлжаннат Қайсақызы мен физика пәнінің мұғалімі Мурадимов Бексұлтан Досанәліұлы «Ғажайып алаңы ойыны» мен психологиялық тренинг өткізді. Барлық берілген тапсырмалар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған.

   Сонымен қатар, ақынның мерейтойына орай Жайма жалпы орта білім беру мектебінде домбыра кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Домбыра кабинетінің салтанатты ашу рәсімі домбыра кабинетінің демеушісі «Әбілмансұр» ЖШС-нің шаруа қожалығы Кісентаев Әнуарбек Кісентайұлы мен білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаеваға бұйырды. Сонымен қатар, аталған домбыра кабинетінің ашылуына өз үлесін қосқан демеуші «МТС Жайма» ЖШС. Аталған кабинетке 6 домбыраны және «Абай оқуларына» қатысушы оқушыларға Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы феномені» атты 25 кітапты сыйлады.

   Аудандық Абай оқуларында мүшәйра секциясында бас жүлдені Жайма жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Ризаев Ерасыл иеленсе, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу секциясында Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 10-сынып оқушысы Қайыртай Әсем, ән айту секциясында Майқайың балалар өнер мектебінің 8-сынып оқушысы Сейтахмет Шұғыла жүлдегер атанды. Аталған оқушылар ауданымыздың намысын облыстық деңгейде қорғайды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz