Жаңалықтар
Баянауыл ауылының бөбектер бақшасында 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне орай өткізілген «Ағайынбыз бәріміз» атты іс-шара туралы мақала
- Толығырақ
- Жарияланды 01.05.2019 06:48
Көп ұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Баянауыл ауылының бөбектер балабақшасында «Жұлдыздар»ересек ортаңғы тобы және «Ботақан» сәбилер тобында мерекелік іс-шара өтті.
Қазақстан Республикасы Әнұранмен басталған игі шарада ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді деп жүргізуші балаларға түсіндіре отырып, олардың ой-пікірлерімен бөлісті. Балабақша ұжымымен тәрбиеленушілер іс-шара барысында өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп,өнерлерін көрсетті.Сонымен қатар Қазақстанда тұрып жатқандарына ризашылығын білдірді. Жақсы ән мен әдемі әуенге балалардың көңіл-күйлері көтеріліп, өзбек ұлтымен қосылып би биледі. Қара жорға биін биледі. Іс-шара соңында бейбітшілік құстары ортаға шақырылып, «Ақ көгершін» әні шырқалды.