Жаңалықтар
«Өртке қарсы қауіпсізідікті сақтау» тақырыбындағы оқыту семинары өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 15.05.2019 06:48
2019 жылғы 15 мамыр күні №2 жалпы орта білім беру мектебінде «Өртке қарсы қауіпсізідікті сақтау» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Семинарды аудандық Білім бөлімі Павлодар қаласындағы «Кадрлардың кәсіптік біліктіліктерін арттыру» орталығымен бірлесе жоспарға сәйкес ұйымдастырды. Оқыту семинарына аудан бойынша 48 мектеп директорлары мен шаруашылық меңгерушілері қатысты.
Семинарды Михаил Николаевич өткізді. Алдымен «Өрт қауіпсіздігін сақтау»жөнінде теориялық білім берді. Теорияны тәжірибемен алмастырды. Мектеп директорлары көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын заңгер Артем Андреевич пен «Кадрлардың кәсіптік біліктіліктерін арттыру» орталық директорының орынбасары Жанара Таифқызынан алды. Түстен кейін барлық оқыту семинарына қатысқан мектеп директорлары мен шаруашылық меңгерушілері бақылау тест тапсырды. Алған баллдарына сәйкес куәлік табысталды.
Оқыту семинарын жоғары деңгейде ұйымдастырған Павлодар қаласындағы «Кадрлардың кәсіптік біліктіліктерін арттыру» орталығына және оқу кабинеттерін ұсынған №2 жалпы орта білім беру мектебінің ұжымына алғысымыз шексіз.