banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Жасөспірімдер зияткерлік олимпиаданың жеңімпаздары

    Баянауыл ауданы бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беру бес пән бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының іріктеу кезеңіне 121 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 5 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Олар: №2 Баянауыл ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Аружан Қайыргелді мен 8-сынып оқушысы Алуа Қатаева, №1 Майқайың ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Әдемау Игенбаева, №2 Майқайың ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы Әйнел Кушенова, С.Торайғыров атындағы ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Алина Стародумова.

   Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беру бес пән бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі 2019 жылдың 24 сәуірінде дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде өткізілді. Математика, физика және биология пәндері бойынша олимпиадада 7-сынып оқушылары, химия және информатика пәндері бойынша олимпиадада 8-сынып оқушылар бақ сынады. Шараға жалпы 82 оқушы қатысты.

   Олимпиада қорытындысы бойынша №1 Майқайың ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Әдемау Игенбаева биология пәнінен II дәрежелі диплом марапатталды. Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Раушан Баянбекқызы Беремжанова. Сонымен қатар, №2 Баянауыл ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Аружан Қайыргелді мен 8-сынып оқушысы Алуа Қатаева «Құрмет грамотамен» марапатталды. Жетекшілері математика пәнінің мұғалімі Мәдина Сағидоллақызы Сұңқарбекова мен биология пәнінің мұғалімі Айнагүл Манапқызы Шагирова.

   №1 Майқайың ЖОББМ-нің 7-сынып оқушысы Әдемау Игенбаева биология пәнінен Республикалық жасөспірімдер олимпиадасына жолдама алды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz