Жаңалықтар
«ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» аудандық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 21.01.2019 10:48

С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Бастауыш сыныпты ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» атты аудандық семинар өтті. Семинарға аудан білім бөлімінің әдіскерлері және аудан мектептерінен 60 мұғалім қатысты. Семинардың мақсаты: оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану, іс-тәжірибемен бөлісу.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осыған орай, аудан көлемінде оқу жетістігін сырттай бағалауды дайындауда жаңа тиімді тәсілдерді екі тілде кеңінен қолдану мақсатында 4-сынып бойынша әдебиеттік оқу пәнінен П.К. Жұмабекова және дүниетану пәнінен О.Хаваатай «Оқушыларды ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді тәсілдері» тақырыбы негізінде оқыту мен оқудың заманауи әдістері «Тұжырымдамалық карта», «Эмоциялық график», «Маңыздылық аймағы», «Суретті инфографика», «Сандық деректер» перфокартасы және «Домино» ойынын тәжірибелерінде қолданды. №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі О.М.Галюдкина « Организация эффективной работы по подготовке учащихся к ВОУД» тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
Облыстық «Ақберен» байқауының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 16.01.2019 11:48
2019 жылғы 15 қаңтар облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатында облыстық «Ақберен» байқауы өтті. Оған 10 аудан, үш қала және мамандандырылған мектептерден 8-11 сыныптарының 111 оқушысы қатысты. Баянауыл ауданынан 5 оқушы қатысты. Оның ішінде 2 оқушы оза шықты. Жас өрендер «Шешендік өнер», «Көркем сөз оқу», «Шығарма жазу», «Ақындар мүшәйрасы», «Ақындар айтысы» және «Ұлттық аспапта ойнау» бағытында сынға түсті.
«Жыл тәлімгері - 2019» сайысы
- Толығырақ
- Жарияланды 11.01.2019 11:48

Баянауыл ауданы бойынша «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар қозғалысын дамыту және аға тәлімгердің рөлін арттыруға, тәжірбие бөлісуге бағытталған "Жыл тәлімгері-2019" аудандық сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты: шығармашылықпен жұмыс істейтін аға тәлімгерлерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.
Сайысқа жалпы орта білім беру мектептерінің 11 аға тәлімгері қатысты. Сайыс 3 бөлімнен тұрды. Бірінші "Өзін-өзі таныстыру" бөлімінде үміткерлер өзін-өзі таныстыруды көздейді. Екінші "Балалар ұжымымен жұмыс" бөлімі жұмыс тәжірибесінен тәлімгерлерге шебер сағат өткізуді көздейді. Міндет-балалар тобында эмоционалдық және іскерлік қарым-қатынасты құру, реттеу және қолдау, әлеуметтік маңызды міндеттерді шешу үшін топтың барлық мүшелерінің күш-жігерін біріктіру іскерлігін көрсету. Үшінші "Қоғамдық бірлестікті дамыту бағдарламасын қорғау" бөлімі қатысушы жұмыс істейтін қоғамдық бірлестікті дамыту бағдарламасын қорғауды көздейді.
Облыстық пән олимпиадасының жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 09.01.2019 11:48

Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 4-5 қаңтар аралығында 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11-сынып оқушылары арасында 57-ші облыстық пән олимпиадасы өтті.
Облыстық пән олимпиадасына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26 команданың 680 оқушысы қатысты. Баянауыл ауданынан 25 оқушы бақ сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Бекзат Каменов тарих пәнінен III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Жұлдыз Мырзағалиқызы Жанұзақова.
Білімнің биік шыңдарын бағындыра білген 16 оқушы 3 жоғары оқу орнының білім грантына ие болды. С.Торайғыров атындағы ПМУ университеті төрт, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті сегіз және Инновациялық Еуразия университеті төрт білім гранттарын табыс етті.
Елбасының атынан «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атты жаңа жылдық шырша мерекесі өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 24.12.2018 11:48

«Ертіс» қонақ үйінде 2018 жылғы 24 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Президенті атынан жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Мерекеге Баянауыл ауданынан 9-13 жас аралығындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Айдар Романов пен Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Қарақат Самарова қатысты. Олардың ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасы балалары, оқуда, спортта, шығармашылық пен қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен шәкірттер де бар.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының құттықтауын тыңдады. Ұлт көшбасшысы шәкірттердің оқуына жетістік тілеп, елімізге абыройлы қызмет етер азамат боп жетілу қажеттігін айтты. Облыс әкімі Болат Жұмабекұлы оқушыларға Елбасы атынан ноутбук пен «Назарбаевтай болғым келеді» атты кітабын сыйға табыстады.
Аймақтық семинар өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 22.12.2018 10:48

Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінде «Жаңартылған білім мазмұны-заман талабы» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеу. Семинарға аудандық білім бөлімнің әдіскерлері және аудан мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті, математика, география, дене шынықтыру, өзін-өзі тану, бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп кітапханашылары, тәлімгерлер қатысты.



