banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау»

    Баянауыл білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мекеме басшылары, кәсіподақ төраға, төрайымдары, техникалық еңбек инспекторлары 28-сәуір Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні қарсаңында «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау» тақырыбында іс-шара өткізілді.

   Іс-шараның мақсаты – еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшы, қызметкерлермен жұмыс берушілердің ақпараттық қамсыздануын арттыру, еңбекті қорғаудың мәселелері, жұмыс орындағы жазатайым оқиғаларды болдырмау.

   Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Қайрош Ахметовпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Қайрош Ахметов еңбек заңнамасына сәйкес пунктерді нақты заңдарға тоқталып, түсіндіріп өтті. Оған қоса, кездесуде еңбек орындарында қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері, еңбек тәртібін сақтау, жұмыс берушімен қызметкер арасындағы еңбек қатынасы, еңбек заңнамасын бұзу пунктері қарастырылды.

   Кәсіподақ ұйым мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға Қайрош Қапсаматұлы сұрақтарға толық жауап берді.

   Сонымен қатар, М.Көпеев, Қ.Сәтпаев, З.Ақышев, Ә.Марғұлан, Ұшқын балабақшасы, Үшқұлын, Сұлужон, Жайма, №2 Баянауыл, К.Кеменгеров, Ж.Аймауытов кәсіподақ ұйымының төраға, төрайымдары өз ұжымдарында «Қауіпсіз еңбек – лайықты еңбек», «Еңбекті қорғау - әрбір азаматтың міндеті, «Сенім жәшігі» акциясы жасалып іс-щаралар өткізді.

   « Еңбек қорғау күнінде сауалдарға кеңес беру» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында кәсіподақ төрайымдары мен еңбекті қорғау инспекторларының ұйымдастыруымен сауалдарға жауап берумен қатар «Еңбек кодексіндегі 19-тарау. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыруын» және 181-бап.жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерін, сол сияқты, 182, 183-баптармен таныстырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

   Шара барысында қызметкерлер мен жұмыскерлердің арасында «еңбек қорғау» күніне байланысты мектептерде «Сенім жәшігі» акциясы жасалып, қызметкерлерден келіп түскен әр түрлі сұрақтарға жауап берілді.Онда ұжымдағы кіші қызметкерлердің, әсіресе асханадағы аспазшылыр мен қазандық жағушылырдың жұмыс уақыты,қауіпсіздік ережелерін сақтауы, еңбек ақыларының төленуі, зейнет ақы қорына төлемдердің уақытында аударулары, кәсіподақ жарнасы, туралы мәселе қаралып, талқыланды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz