banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» атты облыстық семинар

    2019 жылғы 23 сәуір күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының ұйымдастыруымен «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына білім бөлімнің әдіскерлері, мектеп директорлары, Педагогикалық шеберлік орталығының менеджер тренері, жалпы саны 88 мұғалім қатысты.

   Семинарда Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу және желілік қауымдастық бойынша 4 жылғы жұмыс тәжірибесінің қорытындылары шығарылды. Мектеп директоры Салтанат Сейітжанқызы Досмағамбетова мен Педагогикалық шеберлік орталығының менеджер тренері Қайыржан Сағынтайұлы Әлмағамбетов шеберлік сыныптарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

   Бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері «Рефлексияны дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер», қазақ тілі пәні бірлестігінің мұғалімдері «Кері байланыс-кемелдендіреді», жаратылыстану пәні бірлестігінің мұғалімдері «Мақсатқа жетудің тиімді жолы-саралап оқыту», математика, информатика, физика пәні бірлестігінің мұғалімдері «IT-технологиялар бүгін және ертең», орыс және ағылшын тілі пәні бірлестігінің мұғалімдері «Сабаққа қызығушылық арттыру әдіс-тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабақтарын көрсете отырып, тәжірибе алмасты. Мектеп ұстаздары жаңартылған бағдарламалар аясында жаңа амалдарды қолдана отырып, тәжірибелік сабақтар арқылы өз шеберліктерін көрсетті. Жеке пәндер бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытудың тиімді әдістеріне баса назар аударылды.

   Директордың бейінді оқыту бойынша орынбасары Айжан Шақманқызы Тулешова семинардың қорытындысын жасады. «Кері байланыс» кезінде мұғалімдер семинар аясында алған әсері мен әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын посттер жасау және қорғау барысында жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

   Семинар соңында қорытындылар шығарылып, арнайы ұсыныстар қабылданды және шеберлік сабақтар барысында белсенділік танытқан мұғалімдер марапатталды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz