banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Шағала» балабақшасындағы жаңалыққа толы семинар

    2018 жылғы 12 желтоқсан күні Майқайың кентінде орналасқан «Туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шағала» балабақшасы» мемлекеттік мекемесінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған асық технологиясы» тақырыбында аудандық семинар өтті.

   2018 жылғы 12 желтоқсан күні Майқайың кентінде орналасқан «Туберкулез ауруына шалдығуы ықтимал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шағала» балабақшасы» мемлекеттік мекемесінде Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған асық технологиясы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға аудандағы және Майқайың кентіндегі балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлері, сонымен қоса шағын орталық тәрбиешілері қатысып тәжірибе алмасты. Семинар барысында І санатты тәрбиеші Г.Ш.Бейсенбаева асық технологиясын қолданудың жан-жақты әдіс-тәсілдерін қолдана отырып асықтың бүгінгі бүлдіршінді дамытуға қажетті әрі бірегей әдістемелік құрал екенін тәжірибемен бөлісу арқылы көрсетті. Асықты бар ынта-жігерімен ойнаған балалар жан-жақты дамиды, асықтың бала ден¬саулығына ешқандай зардабы жоқ. Тәрбиешілер Г.Ш.Бейсенбаева, Н.Әбенова, А.А.Амантау асықты ойыннан бөлек оқу үдерісіне пайдалану арқылы баланың танымдық қабілетін дамытуға болатынын көрсетті. Асық технологиясын сауықтыру шынықтыру шарасында, ән-күй, сенсорика сабағында қолданған өте тиімді. Асықты сенсорика сабағында пайдалана отырып, ұяшықтарға салу баланың саусақ буындарына өте пайдалы болса, балалар боялып, тесілген асықты бір түстен кейін екінші түсті жіпке өткізіп, тізбектеу арқылы бала түстерді бір-бірінен ажырата алады, қолының ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасау арқылы, саусақтары иілгіш болып жаттығады. Мұның бә¬рі баланың қиялы мен ойын, ұш¬қырлығын, зейінін жан-жақты дамытады. Ән күй сабағында асықты пайдалану нотаны ажыратуға, ұлттық аспаптардың атын атау, дыбысын ажырату үйретеді.

   Педагог-психолог Ж.С.Тұрсынбаева семинарды «Жақсы көңіл күй жан азығы» атты тренингпен жалғастырды. Мақсаты: педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, позитивті көңіл-күй сыйлау арқылы семинардан алған әсерімен бөлісу. Келген қонақтар бір шеңбер бойына жиналып, «6 ойлау қалпағын» қолдану арқылы семинардан алған оң әсерлерімен бөлісіп өз ойларын ортаға салды. Асық технологиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік-логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бір¬лесе әрекет етуге тәрбиелейді.

   Семинар соңы балабақша тәрбиеленушілерінің шағын концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz