banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының алғашқы брифингі өтті

   

   Аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысы білім беру басқармасының жаңа басшысы Дінислам Болатханұлының алғашқы брифингі өтті.

   Облыстың бас педагогы тілшілерге мекеме жұмысының жоспарлары, өңірде білім беру қызметінің сапасын жақсатру, ақпараттың айқындылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, аталған салада сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қандай шаралар қабылданатыны туралы айтты.

   Білім беру басқармасы қызметінің басты бағыттарының бірі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын енгізу бойынша жұмысы болады. «Ұлттық білім беру дерекқоры» білім беру салалаларының басым бөлігінде енгізілетін болады. Аталған бағытта бірден 10 жоба жоспарланған. Балаларды балабақшаға кезекке қою, жолдамалар беру, баланы мектепке жазу, оларды қабылдау және тағы басқа процестерді автоматтандыру бойынша кең көлемді жұмыс жүргізілетін болады. Дінислам Болатханұлы «Мәліметтер қорын автоматтандыру ата-аналарға онлайн режимінде өз өтініштерін қадағалауға мүмкіндік береді. Бұл оқу орындар қызметінің мейлінше айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Біз оқу орындарында сыйбайлас жемқорлықты толық жоюымыз қажет», - деп атап өтті.

   Бұдан басқа, базада әр мектеп, мұғалім, оқушы жөнінде барлық мәліметтер жинақталатын болады. Бұл бүгінгі күні мектептің бәлесі болып табылатын педагогтарды бітпейтін есептермен жүктемеуге мүмкіндік береді. «Бюрократия және сарсаңға салудың барлық түрлерін жою, құшақ-құшақ қағаздардың соңында тынымсыз жүруді тоқтату қажет. Мұғалімге жұмыс жасау үшін мүмкіндік берейік!».

   Пилотты жоба шеңберінде мұғалімдер үшін ІТ-офистерін құру жоспарланған. «Қазіргі заман мұғалімі өз білім деңгейін тұрақты арттыруы, педагогикалық шеберлігін жетілдіруі тиіс. Біздің міндетіміз – оны барлық қажетті техникалық құралдармен, сапалы интернетпен, ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету», -деді Дінислам Болатханұлы.

   Кездесу барысында басқарма басшысы ағымдағы жылғы қаңтардан бастап мұғалімдер жалақысы 30-50 %-ға артатыны туралы жаңалығымен бөлісті.

   Тағы бір жағымды жаңалық облыс бюджетінен облыстың жоғары оқу орындарына әлеуметтік сала мамандарын даярлау бойынша 200 грант бөлу туралы хабарлама болды. «Бұл гранттарға үміткер құқығын алу ережесі, балалар тізімі дайындалып қойған», - деді ол.

   Білім беру саласының басшысы жиналғандардың назарын Павлодар облысының білім беру жүйесін бюджет жеткілікті деңгейде қаржыландыратына назар аударды. Осылайша 2015 жылмен салыстыру бойынша қаржыландыру сомасы 36%-ға өскен. «Облыс басшысының әлеуметтік бағыттағы саясатын атап өткен жөн, бірақ ол бюджет үшін аса ірі жүктеме. Бюджет жүктемесі бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Кейбір оқу орындарын сенімгерлік басқаруға тапсыру мүмкіндігін қарастыру қажет», - деді Дінислам Болатханұлы. Мысал ретінде, агроөндіріс колледжін алуға болады. Аталған оқу орнын шаруа қожалығының қолына беру кадрлар даярлау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі нысанында барлығы ұтады. Бизнесті дамытуға мүмкіндік береміз, сонымен қатар бизнесті жүктейміз».

   Білім беруге инвестициялар тарту бойынша жұмыс жалғасатын болады. Қазіргі уақытта көлік және коммуникациялар колледжі мен Ақсу қара металлургия колледжінің студенттері үшін бірден екі жатақхана құрылысының жобасы қарастырылуда.

   Кәсіптік колледж оқушылары кәсіби шеберлікті және жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыру мақсатында өткізілетін WorldSkills халықаралық конкурсына қатысу үшін күресуді жалғастыруда. «Колледждердің барлық ұжымдары алдында дүниежүзілік оқыту стандарттарының деңгейіне шығу бойынша міндет қоямыз. Біз бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға міндеттіміз», - деп Дінислам Болатханұлы атап өтті.

   Облыс мектептерінде қамқоршылық кеңестер функциясын кеңейту жоспарлануда. егер бұрын кеңестер материалдық-техникалық базаны нығайтуға көп қатысқан болса, онда қазір олар бюджетті қалыптастыруға өзгеріс енгізе алады, қаражаттарды бөлуге, кәмелетке толмағандар құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатыса алады.

   Білім беру мекемелерінде «жан басына шаққандағы қаржыландыру» енгізілетін болады. Енді оқу орындар білім алушылар контингентінің саны бойынша қаржыландырылатын болады. «Осылайша ұйым басшылары оқушылар санына қызығушылық танытатын болады, себебі қаржыландыру балалар санына тікелей байланысты болады. Педагогтар өз ақшаларын санай бастайды».

   Спикер атап өткендей мектепке дейінгі жекеменшік мекемелер желісін дамыту жоспарланған. Балабақшалар салып жатқан, ашып жатқан, сонымен қатар мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан шағын және орта бизнес өкілдерін тарту. «Біз мемлекеттік-жеке меншік серектестіктің түрлі нысандарын белсенді енгізуіміз тиіс. Білім беру процесін қамтамасыз етуде ресурстар мен бизнесмендер мүмкіндіктерін барынша пайдалануымыз қажет».

   Маңызды өзгерістер білім беру мекемелерінің шаруашылық қызметінде де қарастырылған. Мектептердің техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерін серіктес компаниялардың қарамағына тапсыру жоспарланған. «Педагогтың шаруашылық, ғимаратты тазалау, жөндеу және т.б. проблемалармен басы қатпауы тиіс. Мұғалім оқу процесімен айналыссын!», -деді басқарма басшысы.

   Дінислам Болатханұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде әзірленетін облыстың білім беру саласының тәрбие жұмысы тұжырымдамасына ерекше тоқталды. Аталған стратегияны іске асырудың арқасында жастар мен оқушыларды мәдениетке, патриоттық тәрбиелуге назар аударылатын болады. Сонымен қатар, білім саласының басшысы өңірлік компонентті жасауды тура айтты: «Павлодар облысы – біртұтас ағартушылар, ғалымдар, өнер адамдары шыққан жер. Бұл мәдени, тарихи естеліктердіңбірегей орны, істің кең аясы. Біздің балалар өз өлкесінің тарихын білулері тиіс, себебі Отанға деген сүйіспеншілік шағын Отанын құрметтеуден басталады».

   Спикер журналистер назарын облыс әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік тілде оқытатын балабақшаларда балалар санын арттыру бойынша жүргізілетін жұмысқа назар аударды. Павлодар облысында ұлты қазақ балаларының басым бөлігі орыс тілінде оқытатын мекемелерде, балалар үйлерінде тәрбиеленуде. «Мен оларға: иә, әрине, бұл бәрінен оңай дер едім. Баламен тәрбиешілер айналыссын деп оны балабақшаға бере салады. Бірақ барлығын педагогтарға артуға болмайды. Сіз де олардың болашағы үшін жауаптысыз. Дұрыс тәрбие, өз халқының рухани құндылықтарын құрметтеу – бұл өз балаларымызға қалдыра алатын ең асыл мұрамыз».

 

8718232 09 65

8718 32 53 12

Павлодар облысының білім беру басқармасы

 

1

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz