Жаңалықтар
«Жазғы мектеп» атқарылып жатқан жұмыстар барысы
- Толығырақ
- Жарияланды 07.06.2022 15:37
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «26»мамырдағы № 240 бұйрығына қосымша жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымға сүйене отырып, «Жазғы мектеп» 26 мамыр - 17 мауысым аралығында барлық ниет білдірген білім алушылар үшін ата-аналарының өтініші бойынша оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында ұйымдастырылды. Жазғы мектепті оқыту: 1-8, 10 сынып білім алушылары қамтылды. Жалпы 2890 оқушы жазғы мектепте білім алуда. 219 мұғалім жазғы мектепте жұмыс атқаруда. Бастауыш сыныптар бойынша математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, ана тілі, жаратылыстану, ағылшын тілі, дене шынықтыру пәндері, 5-8 сыныптар үшін математика, алгебра, геометрия, физика, химия, жаратылыстану, биология, ағылшын тілі, орыс тілі, тарих пәндері жүргізілуде. 10 сынып оқушылары мен ата-аналарының өтініші бойынша ҰБТ және қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сабақ кестесіне оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және тарих пәндері қойылды. Сабақта оқушыларға қиындық туғызған тақырыптармен жұмыстар жүргізуде. М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар орындалуда. Оқу жұмыс жоспарын мұғалімдер меңгерілуі күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, кіші бөлімдер мен оқу мақсаттарын, диагностика нәтижелерін ескере отырып жасады. Сабақ кестесіне күніне 3-4 сабақтан қойылды. Сабақтың ұзақтығы 40 минуттан өтуде. Сабақ кестесіне балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық кітап оқу қосулы. Кітаптарды топтық талқылау, түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау арқылы оқу дағдыларын дамытуға ықпал етуде. Сонымен бірге, мектеп психологтері «Әріптер сөйлейді», «Кім шебер» тренингтері мен «Филипс», «Лусканов» әдістемесі бойынша жұмыстар жасауда. Білім алушылардың санын, оқу пәндері мен жеке кеңестерді дербес айқындап, оқушылар үшін кесте бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылуда. Оқу жетістіктерін бағаламайды. Үй тапсырмасы берілмейді.
Сабаққа дайындық кезінде мұғалімдер оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуде. Сабақ үрдісі әр түрлі форматта жүргізілуде. Мысалы алғанда, сабақты ойын түрінде тақырыпқа сәйкес тапсырмалар дайындап ойнатуда, кітапханада сабақты ұйымдастыру, таза ауада, оқушыларды сыныпта еркін ұстауға жағдай жасауда. Танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды оның ішінде графика, аудио, бейнематериалдар, презентацияларды, сараланған оқу тапсырмалары. PISA оқу тапсырмаларын және оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін пайдаланып отыр.Оқушылар жазғы мектепке қызыға қатысуда. Оқу үдерісінде үлгерімі нашар білім алушыларға мұғалімдер қолдау көрсету қажет болған жағдайда жеке сараланған тапсырмалар дайындауда. Сабақты өткізу кезінде мұғалімдер ең басты балалардың эмоционалдық көңіл-күйіне назар аударып және оқуға қолдау көрсетуде. Шамадан тыс жұмыстар бермейді. Сабақта міндетті түрде психологиялық ахул жүргізумен бастауда. Дене шынықтыру мұғалімі жаттығулар, қозғалмалы ойын спорт түрлері: волейбол, футбол, баскетбол және тағы басқа сабақтар ұйымдастырады. Күннің соңында қызығушылықтар бойынша ойындар, фильмдерді бірлесіп қарау, жобаларды талқылау және тағы басқа жұмыстар өткізіледі.Жазғы мектепте мектеп кітапханасына, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділік қамтамасыз етілген. Жазғы мектепте мұғалімдер оқушылардың білімдерін жетілдіріп, олқылықтарды жою үшін жұмысын жалғастыруда.