Баянауыл ауданыныңмектепке дейінгі ұйымдарында
2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі
ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру
Жаңалықтар
XXII аудандық спартакиада.
- Толығырақ
- Жарияланды 03.12.2021 16:00

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай XXII аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен педагог қызметкерлер арасында волейбол, шахмат , тоғызқұмалақ жарысы өтті.
Санитарлық нормалар сақталынып, арнайы бетперделермен, ара қашықтықты сақтай отырып , талапқа сай өткізілді. Спорттық жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Қ.Х.Талипов сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айта отырып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа қатысушыларға арнап З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Нуралиева Данараның орындауында «Елбасым» әні орындалды.
«Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонына қатысушылар
- Толығырақ
- Жарияланды 16.11.2021 16:00

«Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі мен Президенттік «Жас ұлан» жастар ұйымы 2021 жылдың 1-ші қарашасынан бастап «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонын өткізді.
Баянауыл ауданына қарасты бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру мектептерінен 2940 оқушы берілген сілтемеге тіркеліп, ұсынылған кітаптарын оқыды.
«Білім шыңы» қоғамдық бірлестігі мен Президенттік «Жас ұлан» жастар ұйымы осы марафонға белсене қатысқан оқушыларға «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонында электронды кітаптарды оқуды меңгере отырып, қоғамда кітап оқу үрдісін қалыптастыруға, «BookCrossing» кітап алмасу қозғалысын дамытуға үлес қосқаны үшін «Сертификат», оқушылардың жетекшісіне «Оқуға құштар ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Каникулда кітап оқимыз» марафонына шәкірттерінің белсене қатысуына, жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыратын, рухани байлығын, өй-өрісін дамытатын , жоғары этетикалық талап-талғамын қалыптастыратын ең үлкен де ұлы тәрбие құралы жақсы кітаптарды оқып, оқушының шығармашылық шыңдалуы жолында тынбай еңбек етіп, жетекшілік еткені үшін «Алғыс хат» табыстады.
Ұлдар арасындағы волейбол жарысының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 15.11.2021 08:59
Павлодар қаласындағы Білім беру басқармасы мен «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі» орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 11-13 қараша күндері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлттық мектеп лигасы» 3-ші облыстық спартакиада бағдарламасы аясында 5-6 сыныптың ұлдары арасындағы волейбол жарыс өтті.
Павлодар облысы бойынша 3 қала, 10 аудан мектептерінен барлығы 104 оқушы жарысқа қатысты. Мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу, спорттық дағдыларын іске асыру.
Баянауыл ауданының намысын С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушылары Нұрғалым Байшүкір, Баққұс Мешітпай, Бекболат Жасқайратов, Нұртан Есжан, Бекзат Төкен, Ерназар Егінтай, Ералы Марат, Арлан Айтмұхаммет қорғады. Оқушыларымыз I дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларды жарысқа сапалы, тыңғылықты дайындаған С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұмай Шалабайұлы Төремұратов. Оқушыларымыздың жеңісі құтты болсын!
«Олқылықтардың орнын толтыру жолдарының тиімді әдістері» тақырыбында пән мұғалімдерінің онлайн семинары
- Толығырақ
- Жарияланды 11.11.2021 17:00

2021 жылдың 10-11-ші қараша күндері аралығында Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Олқылықтардың орнын толтыру жолдарының тиімді әдістері» тақырыбында пән мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.
Өзара тәжірибе алмаса отырып, пәндер арасында кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жолында ауданымыздағы барлық мектептерден 216 пәндерден сабақ беретін мұғалімдер семинарға қатысты.
Мұғалімдерінің мектепішілік пен аудандық шығармашылық тобы құрылды. Жалпы орта білім беру мектебінің шығармашылық топтары талқылауға арналған сұрақтар төңірегінде өзара ой бөлісті.
Алматы төрінен жүлдемен оралды
- Толығырақ
- Жарияланды 10.11.2021 17:00

2021 жылғы 5 қараша күні Ақши жалпы негізгі білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Сезім Бақыт Алматы қаласында өткен «Successful person 2021» тақырыбындағы жыл үздігі премиясына қатысып, «Үздік әнші» номинациясымен марапатталды.
Бұл іс-шараны ұйымдастырған «Алматы Radiance Production» директоры Назгүл Азамат. Сезімге жүлдені табыстаған «Хабар» арнасының жүргізушісі, әнші, актриса Айнұр Бабаева. Сезім Бақыттың жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі А.Шакишева.
«IQanat» олимпиадасы өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 08.11.2021 18:00

2021 жылғы 5 қараша күні Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру метеп-интернатында Республикалық «Iqanat» олимпиадасы өтті. Олимпиаданы «Iqanat білім беру» қоғамдық қоры Қамқоршылар қаражаты есебінен өткізеді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, сонымен қатар оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
Баянауыл ауданы бойынша Республикалық «Iqanat» олимпиадасының 8-сыныпқа арналған бірінші кезеңіне 62 оқушы қатысты.
Олимпиада басталар алдында қатысушыларға «Iqanat» қорының Павлодар облысы бойынша үйлестірушісі Сандуғаш Бариқызы Матаева мен Нұрсұлтан қаласы орталық аппаратының «Iqanat» білім беру қорының гранттар жөніндегі директоры Гүлмира Мұратқызы Байхожаева «Iqanat» қорының негізгі мақсаты мен міндеттері туралы айтып қатысушыларға сәттілік тіледі.