banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

0қушыларымыз олжамен оралды

 

   

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Павлодар қаласындағы Абай атындағы гимназия базасында 2022 жылғы 28 қыркүйекте Павлодар облысы ауылдық жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған ІІІ облыстық гуманитарлық олимпиадасы өткізілді.

       ІІІ облыстық гуманитарлық олимпиаданың тақырыбы ретінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Ғабит Мүсіреповтің 120-жылдығы аясында «Ұлпан» романы мен онда бейнеленген тарих кезеңі таңдалды. Оқушыларымыз Қазақстан тарихы және қазақ әдебиеті пәндерінен білімін ортаға салды.

     Олимпиадаға мемлекеттік және орыс тілде оқытылатын 9, 10, 11 сыныптардан ауданымыздан III облыстық гуманитарлық олимпиадаға Ш.Шөкин атындағы №2 ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Дарья Пашко, №2 Майқайың ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Әйгерім Жүсіпова, М.Әуезов атындағы ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Фатима Хайролла, Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның 10-сынып оқушысы Аружан Сәбитова қатысты.

     Олимпиада екі тур бойынша өткізілді.

І тур – оқушылар Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетінен тест түрінде 25 тапсырма орындады (орындау уақыты – 30 минут).

ІІ тур – оқушылар ұсынылған үш тақырып бойынша эссе жазды (орындау уақыты – 90 минут).

       Олимпиада қорытындысы бойынша М.Әуезов ат.ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы Фатима Хайролла жүлделі II орынды, №2 Майқайың ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы Әйгерім Жүсіпова жүлделі III орынды жеңіп алды.

       Оқушыларды олимпиадаға дайынған жетекшілері: М.Әуезов атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынаргүл Рамазанқызы Жұмабекова мен №2 Майқайың ЖОББМ-нің тарих пәнінің мұғалімі Сәуле Жақсылыққызы Рахымбекова.

       Жүлделі орындарыңыз құтты болсын!

   

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz