Жаңалықтар
“JARYQ FOUNDATION”
- Толығырақ
- Жарияланды 01.02.2023 09:44
“JARYQ FOUNDATION” ұйымдастыруымен “JARYQ” интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті.
Ақтық ойында Ботаев Арлан бастаған , құрамында Берікбекқызы Рауза , Берікбекқызы Мадина , Аужанова Диляра , Серикова Айым сынды ойыншылар Гульназ Зкенованың тобына қарсы тұрды, Гульназ бастаған топта Толегенов Асанали , Жумабаева Анель, Цугурова Нелли , Куатов Арсен сынды озық ойлы оқушылар.
Ойынды қолдап , жобаны қолдау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Самал Қанатовна, аудандық білім бөлімінің басшысы Мереке Талқайратұлы қонақта болды.
Ойын қорытындысы бойынша Зкенова Гульназ бастаған топ “жеңімпаз” атанып , ойынның басты жүлдесі 100.000 теңгені иеленді. Ботаев Арлан тобы да құр қол қайтпады , аудан әкімдігінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қаныш Совет топқа 50.000 теңге қаржылай сыйлық жасады.
Аудандық дебат турнирі өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 24.01.2023 16:35
2023 жылдың қаңтар айының 24-ші жұлдызында Баянауыл ауданының мектеп оқушылары арасында «Өтірік өрге баспайды» ерікті мектеп клубтарының аудандық пікірсайыс слетіне 11 мектептен, барлығы 22 оқушы қатысты. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған пікірсайыс нәтижесінде 3-орынды М.Әуезов атындағы ЖОББМ-інің "Жас қазақ" тобы алса, 2-орынға З.Ақышев атындағы ЖОББМ-інің "Парасатты жастар" тобы иелік етті. 1-орынды М.Ж.Көпеев атындағы ЖОББМ-інің "Ақиқат ұшқыны" тобы жеңіп алды. Ал, облысқа жолдаманы Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ-інің "Болашақ" тобы ұтып алды. "Үздік спикер" атағы М.Әуезов атындағы ЖОББМ-інің "Жас қазақ" тобының лидері Вовка Құдайбергенге берілді. 2023 жылдың қаңтар айының 24-ші жұлдызында Баянауыл ауданының мектеп оқушылары арасында «Өтірік өрге баспайды» ерікті мектеп клубтарының аудандық пікірсайыс слетіне 11 мектептен, барлығы 22 оқушы қатысты. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған пікірсайыс нәтижесінде 3-орынды М.Әуезов атындағы ЖОББМ-інің "Жас қазақ" тобы алса, 2-орынға З.Ақышев атындағы ЖОББМ-інің "Парасатты жастар" тобы иелік етті. 1-орынды М.Ж.Көпеев атындағы ЖОББМ-інің "Ақиқат ұшқыны" тобы жеңіп алды. Ал, облысқа жолдаманы Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ-інің "Болашақ" тобы ұтып алды. "Үздік спикер" атағы М.Әуезов атындағы ЖОББМ-інің "Жас қазақ" тобының лидері Вовка Құдайбергенге берілді.
Кітап оқуға ынталандыру жолдары
- Толығырақ
- Жарияланды 18.01.2023 10:18
2023 жылдың 18 қаңтар күні Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Шағын жинақтық мектептерде пән мұғалімдері мен ата аналардың оқушыларды кітап оқуға ынталандыру жолдары» тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинардың мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Семинар ІV кезеңнен тұрды.
Семинарға ауданымыздағы мектептерден сынып жетекшілері, мектеп кітапханашылары, шағын орталықтың тәрбиешілері, білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева мен әдіскерлері қатысты.
Ашылу салтанатында мектебіміздің басшысы Қайыржан Қырықбесұлы Қырықбесов келген қонақтырымызды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мектеп психологі Динара Нұрымова «Көтеріңкі көңіл-күй» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.
Математика пәнінің мұғалімі Арайлым Ахметова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ботагөз Қожанбаева сынып жетекшілер үшін 6-сынып оқушылары және ата - аналарымен «Кітап балалар шығармашылығының қайнар көзі» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты : ата-аналар мен оқушылардың әдеби кітап оқуға құштарлығын оятып және көркем әдебиеттерге деген қызығушылықтарын арттыру болатын.
Қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс
- Толығырақ
- Жарияланды 06.01.2023 16:27
«Павлодар облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы 9-13 қаңтар (қоса алғанда) аралығында 2220 орынға арналған қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Құжаттарды әлеуетті қызмет көрсетуші олардың уәкілетті өкілдері (тиісінше ресімделген сенімхат болған жағдайда) Павлодар облысының білім басқармасына, Қайырбаев көшесі 32, 428 кабинетке жұмыс күндері 09-00-ден 18-30-ға дейін ұсынылады.
Барлық сұрақтар бойынша Баянауыл аудандық білім бөліміне телефон арқылы хабарласуға болады: 8(71840)91281
№ 2 хаттамадан үзінді 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның отырысы
- Толығырақ
- Жарияланды 28.12.2022 11:38
2022 жылғы 27 желтоқсанда 2023 жылға арналған мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестікке өтінімдерді қарау жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті. Комиссия "мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар құжаттарының тізбесін қарады.
Баянауыл ауданында 2 балабақша жұмыс істейді, онда 555 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Жалпы, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың болуы үшін жағдайлар жасалған: ойын және жатын бөлмелері, жуынатын бөлме, қабылдау бөлмесі бар. Топтық балалар жиһазымен, ойыншықтармен, жұмсақ құралдармен жабдықталған. Оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру үшін мекемелер педагогикалық кадрлармен жасақталған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестікке конкурстық өтінімдерді қарау нәтижесінде конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы№ 381 бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға қойылатын талаптар сәйкестігі.
№ | Ұйымның атауы | Орындар саны |
1 | Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Майқайың кенті сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 270 |
2 | Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 285 |
Барлығы | 555 |
1.2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізілген ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу туралы бұйрық шығару.
2.Павлодар облысы білім басқармасының "Баянауыл ауданының білім бөлімі" ММ Мемлекеттік сатып алу бөліміне 15 күн ішінде 2023 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізілген ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасуды тапсырсын.
2023 жылға арналған еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды қабылдау
- Толығырақ
- Жарияланды 21.12.2022 11:56
Баянауыл ауданының білім бөлімі 2023 жылға арналған еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Павлодар облысының білім басқармасы Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің "Майқайың кенті сәбилер бақшасы" КМҚК, және Павлодар облысы білім беру басқармасының Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің "Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы" КМҚК мектепке дейінгі ұйымдарынан Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы 14 тармағына сәйкес құжаттар қабылдады:
1) білім бөлімінің кеңсесі арқылы кіріс нөмірімен тіркелген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпаратты;
3) медициналық қызметке лицензия немесе медициналық көмек (медициналық қызмет көрсету) көрсетуге арналған шарт;
4) педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесі.