banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Кітап оқуға ынталандыру жолдары

 

 

2023 жылдың 18 қаңтар күні Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Шағын жинақтық мектептерде пән мұғалімдері мен ата аналардың оқушыларды кітап оқуға ынталандыру жолдары» тақырыбында аудандық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинардың мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Семинар ІV кезеңнен тұрды.

     Семинарға ауданымыздағы мектептерден сынып жетекшілері, мектеп кітапханашылары, шағын орталықтың тәрбиешілері, білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева мен әдіскерлері қатысты.

     Ашылу салтанатында мектебіміздің басшысы Қайыржан Қырықбесұлы Қырықбесов келген қонақтырымызды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мектеп психологі Динара Нұрымова «Көтеріңкі көңіл-күй» тақырыбында тренинг ұйымдастырды.

     Математика пәнінің мұғалімі Арайлым Ахметова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ботагөз Қожанбаева сынып жетекшілер үшін 6-сынып оқушылары және ата - аналарымен «Кітап балалар шығармашылығының қайнар көзі» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты : ата-аналар мен оқушылардың әдеби кітап оқуға құштарлығын оятып және көркем әдебиеттерге деген қызығушылықтарын арттыру болатын.

     Мектеп кітапханасында «Кітап оқитын адам - табысты адам» атты   коучинг сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты әрбір оқырманның өмірінде кітап оқуға құштарлығын жан-жақты қарастыру. Сабақ бастамасы «Гүл шоқтары» әдісі арқылы басталып, психологиялық ахуал туғызды.   Іс- шарада көптеген әдіс-тәсілдер көрсетілді. Атап айтсақ, «Жүргінші поезд» әдісі арқылы келген қонақтарымыз көткеріңкі көңіл-күймен топқа бөлінді.             А. Байтұрсыновтың «Адамдық диханшысы» өлеңі бойынша оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру мақсатында топтық жұмыстар жасалды. Бірінші топ интерпретация жасаса, ал екінші топ жарнама жасады. Келген әріптестер қызығушылықпен   қатысып, пікір алмасты. Табысты адам болуға тәрбиелеуде кітапты оқу маңызды   екенін   тағы бір рет еске салу мақсатында қатысушылармен « Қызық екен...» интеллектуалды сайыс өтті. Әр түрлі топтық тапсырмалар көрсетілді. Келген қонақтарымыз қатысып, өзара топтық, жұптық жұмыстарды орындады. Коучингті тарих пәнінің мұғалімі Эльмира Көккөзова, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Перизат Садықова , мектеп кітапханшысы Венера Жәпенова өткізді. «Жұлдыз» шағын орталығының тәрбиешісі Рымгүл Тасыбаева 3D форматында «Қаңбақ шал» ертегісін жасау жолдары бойынша шебер сағат өткізді.

     Семинардың қорытындысында химия мен биология пәнінің мұғалімдері Динара Ахметова мен Айым Байжанова семинарға келгендерге «Ой мен ойын» сайысын ұйымдастырды.

   Семинар барысында барлық семинарға қатысушыларға кері байланыс жасалды. Ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

     Акт залында семинардың қорытындысы жасалды. Семинардың жалғасы концерттік бағдарламамен аяқталды.

     Елбасымыздың оқуға құштар мектеп жобасы қазіргі таңда іске асырылып жатқаны біздер үшін үлкен жетістік. Себебі, осы жоба арқылы оқушылырымыздың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастырып, олардың оқуға деген ынтасын арттыру болып табылады.

 

 

18 01 2023 3

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz