banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

РАБОТОТЕХНИКА – ЗАМАН ТАЛАБЫ

          

Роботтар – қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Қазіргі кезде роботтарды өміріміздің көптеген саласында пайдаланып жатыр, атап айтсақ, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндіріс салалары.

           Осы орайда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Robotek Crand Tjurgament- 2023» работотехникадан мектеп оқушылары арасындағы республикалық чемпионатының аудандық алғашқы кезеңі өтті.

         Турнирдің мақсаты: работотехника, инженер және бағдарламалау салаларында дарынды балаларды анықтау және оларды қолдау. Жастар арасында техникалық мамандықтарды танымал ету. Қоғам мен мемлекеттің назарын техникалық білім беру мәселелеріне аудару.  

«Robotek Crand Tjurgament- 2023» чемпионатының ашылу салтанатынан кейін физика-информатика пәнінің мұғалімі «Үздік педагог -2022» конкурсының жеңімпазы Аюпов Аскар Хамзаұлы мұғалімдер арасында ғылыми -техникалық идеялар , техникалық ақпарат және инженерлік білімдері бойынша тәжірибелерімен бөлісіп кең ауқымда семинар өткізді. Чемпионат 7 санаттан тұрды. Арнайы жабдықталған работтарды модельдеу және бағдарламалау жұмыстарын көрсетті.

Чемпионатқа ауданымыздың 8 мектебінен 26 мұғалім 50 оқушы келді.

Өз роботтарымен келген оқушылар сайыста қызу тартысқа түсті. Сайыс нәтижесі бойынша төмендегі мектеп оқушылары жеңіске жетті. Болашақта мұғалімдер мен оқушылар осы сайыста алған білімдерін шыңдап работотехникадан жоғары деңгейде нәтиже көрсетіп биіктерді бағындыратынына сенімдеміз.

          

1 санат «Робо-сумо» /9 бен 12 жас/ ерекшелігіне байлансты Шапық Шокин атындағы ЖОББМ –ің 4-сынып оқушысы Хамзаева Тамирис І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН Аюпов Данияр Хамзаевич марпатталды. Шакен Айманов атындағы ЖОББМ Жакитов Алмас Дәулетханович ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды, Әлкей Марғұлан атындағы ЖОББМ Қадырбаев Асель Валиевна ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.

2 санат «Кегельринг-квадро» /10-14 жас/ аралығындағы марапаттау                     І Дәрежелі ДИПЛОММЕН Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы ЖОББМ Аюпов Аскар Хамзаевич марапатталады.

ІІ Дәрежелі ДИПЛОММЕН Әлкей Марғұлан ат.ЖОББМ Кадырбаева Әсел Валиевна марапатталды.                                                                                                      ІІІ Дәрежелі ДИПЛОММЕН Мұхтар Әуезов ат.ЖОББМ Алибекова Дания Темірболатовна марапатталады.

3 санат «Сызық бойынша жарыс» 14-17 жас еркшелігіне байланысты Шапық Шокин атындағы ЖОББМ –ің 10-сынып оқушылары Молдасарин Ерасыл, Даныбай Ділназ І Дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды.

ІІ Дәрежелі ДИПЛОММЕН №2 Майқайын ЖОББМ Кажикеева Райхан Каиырхановна марапатталады

ІІІ Дәрежелі ДИПЛОММЕН Ш.Айманов ат.ЖОББМ Джакитова Алмас Даулетханович марапатталды.

4 санат «Биотлон- кіші санат» 10-14 жас ерекшелігіне қарай Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ат.ЖОББМ Аюпов Аскар Хамзаевич марапатталады.

5 санат «Биотлон- жоғары санат» 14-17 жас ерекшелігіне қарай Шәкен Айманов ат.ЖОББМ Джакитова Алмас Даулетханович марапатталады.

6 санат «Эстафета» /10-17 / жас ерекшелігіне қарай І Дәрежелі ДИПЛОММЕН Мәшһүр Көпейұлы атындағы ЖОББМ Аюпов Аскар Хамзаевич марапатталады

7-санат бойынша «Лабиринт» 14-17 жас ерекшелігіне қарай З.Ақышева атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушылары Нұрлыбекұлы Ерасыл, Тұрғынбаев Ерасыл 1-орынмен марапатталады

ІІ Дәрежелі ДИПЛОММЕН №2 Майқайын ЖОББМ Қажыкева Райхан Каиржанович марапатталады

ІІІ Дәрежелі ДИПЛОММЕН Шәкен Айманов ат.ЖОББМ Джакитова Алмас Даулетханович марапатталды .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz