«Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы»КМҚК бойынша ұйымдастырылған консультациялық пункт туралы ақпарат
Консультациялық пунк балабақша мен отбасы арасындағы өзара әрекеттің дәстүрлі түрлерінің бірі тәрбиешілердің ата-аналарға( заңды өкілдерге) жеке және топтық консультация беру қызметін іске асырады. Мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәжірибесінде тәрбиешілер ата-аналардың сұранысы негізінде немесе балалардың даму ерекшеліктерін ескере отырып консультация бере алады. Сонымен қатар балабақшаның басқа мамандары (әдіскер, психолог, логопед, дефектолог және т.б)ата-аналарға (заңды өкілдерге) қандай да бір мәселе бойынша кеңес береді. Консультациялық пункттер мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істейтін педагогтермен, психолгтармен және басқа мамандармен үнемі сөйлесуге мүмкіндігі жоқ ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек беру, сондай-ақ балалардың үйлесімді дамуын қолдауға арналған.
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету. Негізгі міндеттері: -мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты даму мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету;- ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап мектепке даярлық тобына қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;-ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау;- мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;-мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрби отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;-тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасына тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық орнату, ата-аналардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында КМҚК «Баянауыл ауылының сәбилер бақшасында» қыркүйек айынан балабақшаға бармайтын балалар және олардың ата-аналарына тегін кеңес беретін ата-аналарға арналған ақыл кеңес беру пункті жұмысын бастады.
Ата-аналарға арналған консультациялық пункті ұйымдастырудың формалары: жеке және топтық түрде жүргізіліп, педагогикалық, медициналық -сауықтыру, психологиялық бағыттырын қамтиды.
Егер сіздің балаңыз балабақшаға келмесе, Сізде баланы тәрбиелеу мен дамытуға байланысты сұрақтар туындаса, сіз біздің кеңес беру пунктімізге жүгініп, баланы тәрбиелеу мен оқыту, дамыту мен сауықтыру мәселелері бойынша тәжірибелі педагогтар мен психолог, логопед мамандарынан ақыл- кеңестік және тәжірибелік көмек ала аласыз. Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз. Сіздің балаңызбен танысқаннан кейін, дәл сіздің балаңызға жарайтын білім беруге және тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламаларын таңдау бойынша ұсыныстарды береміз.
Консультациялық пунктке жазылу телефоны: 8 71840 9-10-76