Жаңалықтар
Аудандық домбырашылар ансамбілінің байқауы өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 12.05.2022 15:55
2022 жылғы 15 мамыр күні Майқайың балалар өнер мектебінің базасында Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында аудандық домбырашылар ансамбль байқауы өтті.
Бұл байқау ауданымыздағы жалпы орта білім беру мектептеріндегі домбыра сыныбының оқушылары арасында болды. Бүгінгі байқауға Қ.Кемеңгеров, Қ.Сәтбаев, Үшқұлын, Шадыра, М.Әуезов, Ш.Айманов, Ш.Шөкин, М.Ж.Көпеев, № 2 Майқайың орта мектептері қатысты Домбырашылар ансамбльдер байқауында қазылар алқасының төрағасы болып күй өнерін аса қадірлейтін, ардагер ұстаз, күйші Нұрғали Рахымғали Ниязбекұлы, комиссия мүшелері Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Олжатай Мереке Жұматайұлы және Майқайың балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының мұғалімі Серік Құштар төрелік жасады.
Домбырашылар ансамбль байқауына қатысушылар жастық санаттары бойынша: кіші (7-10 жас) және үлкен (11-15 жас) топқа бөлініп бәсекеге түсті.
Байқау қорытындысы бойынша кіші топтан Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының домбырашылары I орынды, ал үлкен топтан М.Әуезов атындағы орта мектебінің домбырашылары I орынды жеңіп алды.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 23.04.2022 09:51
2022 жылғы 22 сәуір күні Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ерекшеліктері» тақырыбында бастауыш сынып, физика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің облыстық семинары өтті.
Семинардың мақсаты: оқыту тәжірибесіне заманауи тәсілдерді енгізу мен сабақ үрдісінде саралау, бақылау, кері байланысты тиімді жүзеге асыруда пән мұғалімдерімен бірлескен жұмысты ұйымдастыру.
Өзара тәжірибе алмаса отырып, пәндер арасында кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жолында ауданымыздағы аймақтық мектептерден пәндерден сабақ беретін 42 мұғалім және білім беру бөлімінің әдіскерлері Гүлмира Қабдымүлікқызы Қошанова, Махаббат Құдайбергенқызы Сәдуақасова, Айгүл Ырсымбекқызы Оразалина, Мәншүк Тынысқызы Шумақова семинарға қатысты.
«Волейбол» жарысының жеңімпаздары.
- Толығырақ
- Жарияланды 11.04.2022 10:01
2022 жылғы 7-9 сәуір күндері аралығында Павлодар қаласында оқушылар арасындағы ХХVIII облыстық жазғы спартакиадасының волейбол жарысы өтті.
Баянауыл ауданынан Ш.Айманова атындағы ЖОББМИ-нің 8-сынып оқушылары Аманжол Аружан, Сапарғали Сәния, Қамар Толғанай, Оралтай Айжаным, Серік Айнұр, 9- сынып оқушылары Төкен Гүлдана, Сәбитова Аружан, 11- сынып оқушысы Балғабай Нұрдаулет, М.Әуезов атындағы ЖОББМ -нің 8 -сынып оқушысы Қайратқызы Жәния, Ә.Марғұлан атындағы ЖОББМ -нің 8-сынып оқушысы Марат Нұртан, 11-сынып оқушысы Сансызбай Салтанат, Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушылары Мұқантай Әділ, Арыстан Байтемір, Шайкыпануов Эмирхан, Тимиров Нұрасыл, 10-сынып оқушылары Талғат Руслан, Сануар Мансұр, Ж.Аймауытов ат.ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Закван Аңсар волейбол жарысына қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Баянауыл ауданының ұлдар командасы I орынды жеңіп алды.
Ұлдар командасын волейбол жарысына дайындаған Ш.Шөкин ат.ЖОББМ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мақсат Арғынұлы Қанафия.
«Функционалдық сауаттылық – тұлға қалыптастыру негізі» тақырыбында аймақтық семинар.
- Толығырақ
- Жарияланды 17.03.2022 07:21
2022 жылғы 16 наурыз күні Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Функционалдық сауаттылық – тұлға қалыптастыру негізі» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинардың мақсаты: сабақ барысында әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өзара тәжірибе алмасу.
Аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.З. Нұртаева мен мекеме басшысы М.Т.Қожанов семинардың ашылуы және бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, Екібастұз қаласының «Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатының» басшысы Е.Қалихан құттықтау сөз сөйлеп, мектепке сыйға кітаптар табыстады.
Қола жүлдегеріміз
- Толығырақ
- Жарияланды 05.03.2022 06:21
Жастар жылының аясында дарынды балаларды қолдау үшін «Ел үміті» бастамасын ұсынған еді.
«Елбасы медалі» жобасының мақсаты жастардың интеллектуалды және шығармашылық дамуына ықпал ету, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді тану және мұқтаж жандарға көмек көрсету жолында елдің белсенді жастарының басын біріктіру, қолдау болып табылады.
Баянауыл ауданы бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Ералы Серік қола медальмен марапатталды. Марапат құтты болсын!
«Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында семинар өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 23.02.2022 08:46
2022 жылғы 21 ақпан күні Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында пән мұғалімдерінің аймақтық семинары өтті.
Өзара тәжірибе алмаса отырып, пәндер арасында кездесетін мәселелерді бірлесе шешу жолында ауданымыздағы аймақтық мектептерден 26 пәндерден сабақ беретін мұғалімдер семинарға қатысты.
9-11 сынып оқушылар арасында «Көп қырлы ғалым» конференцияны (ақынның көсемсөз жанрынан жазылған мақалалары бойынша) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақтыгүл Жақсыбайқызы Жасыбаева мен тарих пәнінің мұғалімі Келбет Бұқарбекқызы Жолдасбекова ұйымдастырды.
«Аққу, шортан, һәм шаян» мысал өлеңі бойынша танымдық сабақты бастауыш сынып мұғалімдері Еркежан Шалғанбай мен Ермек Қарашорқызы Қарашорова өткізді.
«Даналар кеңесі» зияткерлік ойынды орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекен Кәрімқызы Абылқасова өте жоғары деңгейде және қызықты өткізді.
«Бұлбұл мен есек» театрландырылған көріністі «Жасұлан» ұйымының оқушылары өткізді. Жетекшісі мектеп тәлімгері Айгүл Омарқасова. «Жетістікке жету» тақырыбында келген мұғалімдерге мектеп психологі Бақытгүл Нұриденқызы Нұриденова тренинг ұйымдастырды.
«Мектеп кітапханасы жұмысының жаңа әдіс-тәсілдері»тақырыбында мектеп кітапханашысы Үміт Қазтайқызы Ақмолдина шеберлік сағатын өткізді.
10-сынып оқушыларына «Негізгі ой қайда?» тақырыбында А.Байтұрсыновтың дана сөздеріне Әлкей Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Гүлдана Тұрсынбекқызы мен келген ұстаздарға «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы жаңа әдістер» тақырыбында Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Жанар Қуантайқызы Бекмағанбетова, «Пирамида тарихы» тақырыбында білім беру бөлімінің әдіскері Мәншүк Тынысқызы Шумақова шеберлік сабақтар ұйымдастырып өткізді.
Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева мен білім беру бөлімінің әдіскерлері Гүлмира Қабдымүлікқызы Қошанова, Гүлжанар Қабдыкәкімқызы Кәрімова, Мәншүк Тынысқызы Шумақова қатысты.
Қорыта келгенде семинар өте жоғары деңгейде өтті. Ұстаздар өздеріне қажетті ақпараттарды семинардан алды.Семинар әлі де жалғасады.



