Жаңалықтар
Оқушыларымыз жақсы нәтижелер көрсетуде!
- Толығырақ
- Жарияланды 21.02.2023 10:24

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Майқайың 2 жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Жусупова Айгерим ағылшын тілі пәнінен 2 дәрежелі дипломмен марапатталып, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің грантын жеңіп алды.
(Жетекшісі: Тугарина Г.И.)
Сондай-ақ М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Хайролла Фатима қазақ тілі және әдебиеті пәнінен 3 дәрежелі дипломмен мараптталды.
(Жетекшісі: Жумабекова Ш.Р.)
Үздіксіз өзгеріске бейімделген оқу мен тәрбие үдерісі
- Толығырақ
- Жарияланды 14.02.2023 09:12
10-ақпан күні З.Ақышев ЖОББМ – нің базасында "Үздіксіз өзгеріске бейімделген оқу мен тәрбие үдерісі" атты аудан мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинардың мақсаты: педагогтердің кәсіптік құзыреттіліктерін үздіксіз арттыру бағытындағы тәжірибе алмасу. Семинар жұмысына "Өрлеу" БАҰО-ның аға оқытушылары Алем Жакеновна Несипбаева, Өміргүл Ертісхан; Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Айман Рахимжановна Ибраева қатысты. Сонымен қатар Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеттің басшысы Гульнази Зейноллаевна Нуртаева және әдіскерлер Айгуль Ырсымбековна, Мәншүк Тынысовна Шумакова, Гульмира Кабдулмулюковна Кошанова, аудан мектептерінен 69 мұғалім қатысты.
Пәндік олимпиада
- Толығырақ
- Жарияланды 09.02.2023 16:02

2023 жылдың қаңтар айының 30 мен 3 ақпан күндері аралығында Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының базасында 9,10,11 сынып оқушылары арасында республикалық жалпы білім беретін пәндері бойынша (аудандық) ІІ кезеңі өткізілді.
Жалпы аудан бойынша олимпиадаға 119 оқушы қатысып 86 оқушы жүлдегер атанды. І орын иеленген оқушылар ақпан айының 13-18 аралығында Павлодар қаласында өтетін республикалық олимпиаданың (облыстық) ІІІ кезеңіне қатысады.
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 09.02.2023 15:55

Баянауыл ауданының білім бөлімінің басшысы М.Абдыкаримов азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес бүгін жеке қабылдау өткізді. Жазылу бойынша қабылдауға екі азамат қатысты.
Олардың мәселелері қаралып, өз шешімдерін тапты. Аудан тұрғындарының есіне саламыз!
Азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес аптаның әр бейсенбі күні сағат 11:30-дан 13:00-ге дейін азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізіледі.
Сандық білім беру ресурстарының білім сапасын арттыру құралы ретінде пайдалануы
- Толығырақ
- Жарияланды 09.02.2023 10:29
Ақпан айының 08 күні Білім беруды дамытудың инновациялық орталығымен Баянауыл ауданы білім беру бөлімі арасындағы ортақ жоспарға сәйкес Баянауыл ауданы №2 Майқайын жалпы орта білім беру мектебі КММ - нің базасында «Сандық білім беру ресурстарының білім сапасын арттыру құралы ретінде пайдалануы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Білім сапасын арттыру құралы ретінде СБР пайдалану бойынша практикалық тәжірибені көрсету, ББЖМ-ға дайындык, заманауи білім беруде Lesson study әдісін сабақта қолданудың тиімділігі көрсетілді.
Аталған семинар жұмысына қатысуға Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығы әдіскерлері, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, басқа аудандардың пән мұғалімдері, Баянауыл ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет қызметкерлер, білім беру ұйымдары басшыларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары сонымен қатар, орыс тілі мен әдебиеті, информатика, физика, биология, бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, Баянауыл ауданы педагогтерінің үздік іс-тәжірибелерімен танысты.
Семинар жұмысы барысында кері байланыстар алынып, әдіскерлер тарапынан әдістемелік ұсынымдар берілді.




