Жаңалықтар
Жас маман, біз Сізді күтеміз!
- Толығырақ
- Жарияланды 06.06.2024 08:56
Біздің мекенжай:
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы Қ.Сатбаев көшесі, 27
Байланыс телефоны: Кадр бойынша бас маман Тогжан Маратовна Аханова жұм: (871840) 91961; ұялы:87089387859 (WhatsApp) 87054723770
Бөлім басшысы
Абдыкаримов Мереке Талкайратович
жұм: (871840) 91281;
ұялы:87770812881
Баянауыл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі к
- Толығырақ
- Жарияланды 24.11.2023 11:45
«Баянауыл ауданының білім беру бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім беру бөлімі) Баянауыл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға арналған конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды:
-
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 381 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
Өтініште «мектепке дейінгі ұйымның атауы» жолында заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы куәліктің БСН және бірегей нөмірін көрсету қажет;
-
мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларын, дабыл түймешесін және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпарат;
-
санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге (сыйымдылығы үш топқа дейін) медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен жасалған шартты;
-
педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмесін;
-
ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесін (бар болса) ұсынады.
Құжаттар ұсынылғаннан кейін Комиссия мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер («электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz) арқылы мынадай құжаттардың барын және жарамдылығын тексеруді жүзеге асырады:
-
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқталғаны туралы хабарламалар;
-
медициналық қызмет көрсетуге лицензиялар және (немесе) медициналық көмек көрсетуге (медициналық қызмет көрсетуге) шарт жасалған аумақтық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымымен шарттар;
3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден/қайта тіркеуден өткендігі туралы куәліктер, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (жалға алынған) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нысандарында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» № 29/қе бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымының санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды;
5) конкурсқа құжаттарды тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есеп бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды қабылдауды білім беру бөлімі жүзеге асырады: Баянауыл с., Қ.Сәтбаев к-сі 27 үй, 2023 жылғы 08-10 қараша аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) немесе электронды пошта арқылы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды 2022 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін) қарайды.
Баянауыл ауданыныңбілім беру бөлімі
Аттестация
- Толығырақ
- Жарияланды 23.11.2023 16:10
2023 жылдың 21 қараша күні Баянауыл ауданының білім беру бөлімі ауданымыздың барлық білім беру мекемелерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен 2024 жылдың қаңтар айынан педагогтарды аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізу бойынша төмендегідей түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (бұдан әрі-Платформа) - педагогтің жеке кабинетінің деректері және педагог пен білім алушылардың жетістіктерін растайтын оның кәсіби қызметінің құжаттары, тәжірибені жинақтау (трансляциялау), біліктілікті арттыру туралы мәліметтер бар ақпараттық жүйе қалыптастырылады.
ЖАҢА АТТЕСТАТТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
• Аттестаттау процесі толығымен автоматтандырылады.
• Педагогтың барлық құжаттары ұсынылатын орталықтандырылған деректер базасы құрылады.
• Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы әзірленетін болады, ол педагогтерге кәсіби өсу мен дамуға мүмкіндік береді
• Жиналған деректерді талдау арқылы Платформа мұғалімнің тәжірибесінің жетістіктерін автоматты түрде бақылайды
• Платформа мұғалімге өзінің күшті және әлсіз жақтарын дербес бақылауға және кәсіби өсудің жеке траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
ҚЫЗМЕТ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН КЕШЕНДІ ТАЛДАМАЛЫҚ ЖИНАҚТАУ
-
«Ұстаз " педагогінің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында педагогтердің портфолиосын қалыптастыру (педагогтың қатысуынсыз)
-
Педагогтердің құжаттарын (портфолиосын) платформада тиісті дерекқорлармен интеграциялау арқылы жүйелі (жыл сайынғы) қалыптастыру
-
Аттестатталатын педагогтың платформадағы жеке кабинеті арқылы өтінішті өз бетінше беруі
ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ
-
Педагогтердің білімін бағалауға арналған байқау тесті - (тапсырмалардың күрделілігінің 3 деңгейі)
-
Пәндік білім – 100 тапсырма
-
Оқыту әдістемесі мен эссе алынып тасталады
-
"Педагог-модератор", "педагог-сарапшы"біліктілік санатын беруге үміткер педагогтар тестілеу рәсімінен өтеді.
Педагогтердің білімін бағалауға арналған байқау тестің тапсырудан босатылады:
-
педагогтер: бұрын берілген біліктілік санатын растау кезінде; "педагог-зерттеуші", "педагог - шебер"біліктілік санатын беру; 30 (отыз) және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар.
«Көркем еңбек пәнін оқытудың заманауи тәсілдері» облыстық семинар-практикумы
- Толығырақ
- Жарияланды 23.11.2023 11:51
Әрбір педагогтың басты міндеті - бүгінгі жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу. Білім беру негіздері мектепте қаланғандықтан, оқушының жеке басының күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту басты рөл атқарады. Сонымен, қазіргі мұғалімнің маңызды мақсаты - жан-жақты дамыған, белсенді, шығармашылық, әлемді түсінуде еркін тұлғаларды тәрбиелеу.
Осыған байланысты 2023 жылдың 22 қарашасында Павлодар облысы білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Майқайың балалар өнер мектебінде көркем еңбек, технология мұғалімдеріне арналған «Көркем еңбек пәнін оқытудың заманауи тәсілдері» атты облыстық семинар практикумы өтті. Семинардың басты мақсаты заманауи оқушының көркемдік-эстетикалық дамуын арттыру, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесімен алмасу болды. Семинарға облыстық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру мекемелерінің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында Майқайың балалар өнер мектебінің мұғалімдері Г.З.Токбулатова «Текстуралық паста арқылы кенепте бедерлі жұмыстар жасау», А.Кенжехан «Сәнді түйреуіштер жасау технологиясы», Ә.С.Шәпи «Қыш құмыра өнерінің жасалу жолы» тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізді. Сонымен қатар Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің мұғалімі Г.Д.Жарова «Модульдік сурет салудың қадамдық технологиясы», Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі М.Т.Батенова «Табиғи материалдардан сәнді бұйымдар жасау», Ермұхан Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі А.Д.Байгурманова «Ұлттық нақыштағы пішіндер», Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Ш.А.Жанайдарова «Ағаш қалдықтарды қайта өңдеу» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға облыстық білім беру ұйымдарының 50 педагог мамандары қатысты.
«Үздік мектеп кітапханасы» облыстық кезеңге іріктеу өтті.
- Толығырақ
- Жарияланды 09.10.2023 10:36
2023 жылғы 6 қазан күні Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің кітапханасында «Үздік мектеп кітапханасы» облыстық байқаудың аудандық кезеңі өтті. Баянауыл ауданы бойынша аудандық кезеңге М.Әуезов ат.ОМ-нің кітапханашысы Г.Қасымова, Ақши НМ-нің кітапханашысы А.Адабекова, Е.Бекмаханов ат.ОМ-нің кітапханашысы А.Ақылбекова, С.Торайғыров ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Төлегенова, Шадыра ОМ-нің кітапханашысы Д.Қасымова, Ш.Шөкин ат.ОМ-нің кітапханашысы Қ.Багимова, Лекер НМ-нің кітапханашысы А.Сүлейменова, З.Ақышев ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Бекмағанбетова, Б.Хайдаров ат.ОМ-нің кітапханашысы Ш.Аманкелдиева, Ш.Айманов ат.МИ-ның кітапханашылары А.Жүнісова мен А.Жапарова, Д.Рахметов ат.ОМ-нің кітапханашысы А.Боранбай, Қ.Сәтбаев ат.МБОТК-нің кітапханашысы Б.Мұзафарова 13 кітапханашы қатысып, өз жұмыстарын қорғады. Байқау қорытындысы бойынша З.Ақышев ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Бекмағанбетова «Бас жүлде», М.Әуезов ат.ОМ-нің кітапханашысы Г.Қасымова I орынмен, Ш.Айманов ат. МИ-ның кітапханашылары А.Жүнісова мен А.Жапарова II орынмен, Е.Бекмаханов ат.ОМ-нің кітапханашысы А.Ақылбекова мен Қ.Сәтбаев ат.МБОТК-нің кітапханашысы Б.Мұзафарова III орынмен марапаталды. З.Ақышев ат.ОМ-нің кітапханашысы Ж.Бекмағанбетова мен М.Әуезов ат.ОМ-нің кітапханашысы Г.Қасымова облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – дей келе кітапты сүйіп оқитын оқырмандарыңыз көп болсын.
Біздің мақтанышымыз!
- Толығырақ
- Жарияланды 06.10.2023 10:36
Бүгін Астана қаласында өткен республикалық педагогтер съезі барысында Мемлекет басшысы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын табыстады. Олардың қатарында академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің математика пәнінің мұғалімі Сәбит Ибадуллин де бар. Сәбит Әбдікенұлы - Баянауыл ауданы Теңдік ауылының тумасы. 1992 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, ұстаздық қызметін бастады. Содан бері оқушыларға ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің қыр-сырын үйретіп жүр. 30 жылдан астам уақыт аралығында ұстаздың шәкірттері талай жетістікке жетіп, мектеп пен мұғалімнің мерейін асырды. Бүгінгі оқушылары да талай білім бәсекелерінен олжалы оралып жүр. Мәселен, биыл оқушысы Марат Санжар олимпиадада үшінші орын алса, Ақбаян Түсіпбаева «Айқанат» олимпиадасында жеңімпаз болды. Математика бойынша ғылыми жобалар дайындап, сәтті қорғап жүрген шәкіреттері де бар. Ұстаздың өзі де үнемі білімі мен біліктілігін жетілдіріп, шыңдап келеді. Өз сабағында заманауи технологияларды, жаңа ғылыми жетістіктерді, авторлық бағдарламаларды тиімді қолданады. Айталық, осы жылы «Математика сабақтарында инновациялық идеяларды қолданудың практикасы» атты авторлық бағдарламасын әзірледі. Осы және өзге де еңбектері еленіп, бүгін Президенттің қолынан ««Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алды. Жерлес мұғалімді осындай жоғары табысымен құттықтаймыз!