Жаңалықтар
Біздің мақтанышымыз!
- Толығырақ
- Жарияланды 06.10.2023 10:36
Бүгін Астана қаласында өткен республикалық педагогтер съезі барысында Мемлекет басшысы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын табыстады. Олардың қатарында академик Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің математика пәнінің мұғалімі Сәбит Ибадуллин де бар. Сәбит Әбдікенұлы - Баянауыл ауданы Теңдік ауылының тумасы. 1992 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, ұстаздық қызметін бастады. Содан бері оқушыларға ғылымдардың патшасы саналатын математика пәнінің қыр-сырын үйретіп жүр. 30 жылдан астам уақыт аралығында ұстаздың шәкірттері талай жетістікке жетіп, мектеп пен мұғалімнің мерейін асырды. Бүгінгі оқушылары да талай білім бәсекелерінен олжалы оралып жүр. Мәселен, биыл оқушысы Марат Санжар олимпиадада үшінші орын алса, Ақбаян Түсіпбаева «Айқанат» олимпиадасында жеңімпаз болды. Математика бойынша ғылыми жобалар дайындап, сәтті қорғап жүрген шәкіреттері де бар. Ұстаздың өзі де үнемі білімі мен біліктілігін жетілдіріп, шыңдап келеді. Өз сабағында заманауи технологияларды, жаңа ғылыми жетістіктерді, авторлық бағдарламаларды тиімді қолданады. Айталық, осы жылы «Математика сабақтарында инновациялық идеяларды қолданудың практикасы» атты авторлық бағдарламасын әзірледі. Осы және өзге де еңбектері еленіп, бүгін Президенттің қолынан ««Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын алды. Жерлес мұғалімді осындай жоғары табысымен құттықтаймыз!
Сандугаш Серикбаевна Абжанова
- Толығырақ
- Жарияланды 27.07.2023 09:38
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына (2022 жылға енгізілген өзгерістермен) сәйкес 2023 жылғы 22 маусымдағы «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының №1 хаттамасы негізінде 2023 жылдың 01 шілдеден бастап Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің “Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы” КМҚК басшысы Сандугаш Серикбаевна Абжанова тағайындалды.
Асем Шарапиденовна Жакенова
- Толығырақ
- Жарияланды 27.07.2023 09:38
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына (2022 жылға енгізілген өзгерістермен) сәйкес 2023 жылғы 22 маусымдағы «Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының №1 хаттамасы негізінде 2023 жылдың 01 шілдеден бастап Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің “С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі” КММ басшысы Асем Шарапиденовна Жакенова тағайындалды.
Жазғы лагерь
- Толығырақ
- Жарияланды 24.05.2023 15:55
Жазғы лагерь бойынша ақпараттарды Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің
cаll center: 8(71840)91081 нөміріне хабарласып біле аласыздар!
"Makerspace Pavlodar Кубогы"
- Толығырақ
- Жарияланды 10.03.2023 09:38
American Corner & Makerspace Pavlodar С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аумағында.Робототехниканы дамыту Федерациясымен бірлесіп, Павлодар облысының оқушылары арасында робототехниканы дәріптеу мақсатында "Makerspace Pavlodar Кубогы" өтті.
Ауданымыздың Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ - нің 5 – сынып оқушысы Амантай Муслим және 4-сынып оқушысы Хамзаева Томирис "Сумо" санаты бойынша I – орынды иеленді.Ш.Айманов атындағы мектеп- интернатының 7 а сынып оқушылары Ескендір Жанель, Даулетқан Расұл "Шығармашылық" санаты бойынша I – орын. З.Ақышев атындағы ЖОББМ – нің 6 - сынып оқушылары Ғабдысаттар Айзере, Пәзіл Ақберен "Сумо" санты бойынша III – орын иеленді.Оқушыларымызды құттықтаймыз!
«STEAM - білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында аудандық семинар өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 03.03.2023 10:36
2023 жылдың 3 наурыз күні Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінде «STEAM - білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбында аудандық семинар өтті. Қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес заманауи инновациялық әдістер мен технологияларды оқу үрдісіне тиімді қолдану, оқушының қажымас ізденімпаздылығы мен шығармашылық жемісін талап ету мақсатында ұйымдастырылған семинар жұмысына аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері, жалпы білім беру мектептердің ағылшын тілі, физика, математика, биология, география пәндерінің мұғалімдері қатысты. Аталмыш семинардың бастауы тіркеу бөлімінен басталды. «3D қағазды модельдеу» шебер сағатын көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жеңісгүл Егеубайқызы Туяқаева жалғастырды. Әрі қарай семинарды мектеп басшысының міндетін атқарушысы Мəдина Сағидоллақызы Сұңқарбекова ашты. Семинардың ашылуынан соң, пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Физика пәнінің мұғалімі Дана Сəбитқызы Іңірбай 10-сыныпта «Конденсаторлар», «Jamboard», «Kahoot» платформалары тақырыбында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Айя Əмірханқызы Ермекова, Эльмира Талғатбекқызы Солтанова 5-сыныптарда «The gallery of fairy tales» ертегілік қойылым қойды.