Жаңалықтар
Облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 26.02.2021 18:00

Жалпы білім беретін жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 16 пән бойынша оқушылардың жыл сайынғы облыстық олимпиадасы 2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында онлайн режимде 9-11 сынып оқушыларының арасында өткізілді. Олимпиадаға 3 қала, 10 аудан және 13 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 26 команда құрамында 730 оқушы қатысты. Баянауыл ауданынан 25 оқушы бақ сынады.
Олимпиада қорытындысы бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Камила Қалиақпар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен III дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Кенжегүл Балтажанқызы Әлжанова, №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Әлішер Баритов география пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Жаннат Аманғазықызы Жұмагулова, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Ернұр Бахитденов Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Баян Рақымжанқызы Шөкина, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9-сынып Аружан Арынова құқық негіздері пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі Ержан Бақтыбайқызы Рахимтаев. Білімнің биік шыңдарын бағындыра білген оқушыларымызға мың алғыс.
Бастауыш сынып оқушылары арасында VIII облыстық математикалық турнирінің жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 22.02.2021 16:15

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы бастауыш сынып оқушылары арасында VІІІ облыстық математикалық турнирін қашықтық форматындағы Goоgle-форма платформасында өткізді.
Пандемияға байланысты математикалық турнир жазбаша жеке тур бойынша өтті. Оқушылар математика пәнінен әр сыныпқа арналған 20 сұрақтан тұратын тест орындады. Әр сынып бойынша үйлестірушілерге өту үшін сілтеме жіберілді. Барлық оқушыларда жеке компьютер немесе ноутбуктері болды. ZOOM-да оқушыларға бақылау жүргізілді.Турнирге облыс бойынша 115 оқушы қатысты.
Турнирдің қорытындысы бойынша Баянауыл ауданынан №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Диляра Сайдуллаева I дәрежелі диплом, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Мансур Исламиденова II дәрежелі дипломды иеленді. №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Виктория Ржанова I дәрежелі дипломмен, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 4 –сынып оқушысы Диана Смайлова III дәрежелі дипломмен марапатталды.
«IQanat» олимпиадасы өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 19.02.2021 16:00

«Олимпиаданы «Iqanat білім беру» қоғамдық қоры Қамқоршылар қаражаты есебінен өткізеді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, сонымен қатар оқушылардың жалпы білім беретін пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
Олимпиада ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша үш кезеңде өткізіледі. 3-ші кезеңге өткен оқушы Республикалық слетке қатысады.
Баянауыл ауданынан 8-ші сыныпқа арналған республикалық «Iqanat» олимпиадасының бірінші кезеңіне 76 оқушы қатысты. Аталмыш байқау онлайн форматында өтті.
«Оқуға құштар мектеп»
- Толығырақ
- Жарияланды 15.02.2021 17:10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 21 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысындағы тапсырмасы бойынша республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы басталды. Аталған жобаға байланысты Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы арнайы жоба әзірлеген болатын.
Абай атамыз «Артық ғылым кітапта – ерінбе оқып көруге» деген еді. Осы сөзді негізге алатын болсақ, қазіргі уақытта кітап оқудың маңызы ерекше, міндеті жоғары.
Қазақстанда білім беру және ғылымды дамыту бойынша жүйелік іс-шаралардың кешені жүзеге асырылуда. PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерінің білім беру сапасының деңгейін өлшеу үдерісіндегі бағыттардың бірі – оқу сауаттылығы болып табылады.
Оқу сауаттылығы білім алушының өз мақсаттарына қол жеткізу үшін жазбаша мәтіндерді түсіну, пайдалану, ой елегінен өткізу және олармен жұмыс істеу, өз білімі мен әлеуетін дамыту, сондай-ақ қоғам өміріне қатысу ретінде айқындалған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 21 қазандағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы барысында қазақстандық мектеп оқушыларының оқу сауаттылығының төмендігін атап өтті: «Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің оқушыларымызда оқу сауаттылығы дағдылары тиісті деңгейде дамымағанын көрсетеді. Сондықтан жоғары оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балаларда мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек. Кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелейтін бағыттаушы болуы керек».
Ғылыми зерттеулер деректері адамның кітапқа деген көзқарасы мектеп жасында қалыптасатындығын көрсетеді. Бүгінгі таңда мектеп баланың жадын дамытудан оның ойлау қабілетін дамытуға бағытталған, кітаптың рөлі күнен-күнге артып келеді.
Жұмыла көтерген іс нәтижелі ...
- Толығырақ
- Жарияланды 15.02.2021 16:30

« Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасымен «Кітап оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бірқатар жұмыстар қолға алынды.
«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыру және жүйелі таныстыру негізінде Баянауыл ауданына қарасты 26 жалпы орта, негізгі, бастауыш мектептерінде жиналыс өтті. Жиналысты мектеп кітапханашылары қашықтықтан және санитарлық талаптарды сақтай отырып бетпе-бет (офлайн) өткізді. Жиналысқа барлық мектептердің ата-аналары, оқушылары, пән мұғалімдері, мектеп әкімшіліктері, мектеп ұжымдары қатысты.
Халықаралық сарапшылардың айтуынша, жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасу үшін кітап оқуға деген құштарлықты дамыту қажет. «Кітапхана – кітаптардың, оқулықтардың, көркем әдебиеттің қоры. Кітапхана оқушының кітапқа құштарлығын арттыратын орын болу керек. Сондықтан ата-аналармен бірлесе отырып, көптеген іс-шараларды жүзеге асырулары қажет.
«Жалпы орта білім беру аясында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында өткен аудандық семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 15.02.2021 16:00

2021 жылғы 3 ақпан күні Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің тренерлері, 24 жыл еңбек өтілі бар, педагог-зерттеуші биология пәнінің мұғалімі Алтынай Женісқызы Ахметова, 15 жыл еңбек өтілі бар, жоғары санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мақпал Берікқызы Балғабаева «Жалпы орта білім беру аясында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында аудандық семинар өткізді.
Семинар барысында жалпы «Инклюзия» термині, «Инклюзивті білім беру» мәселелері, нормативтік құжаттар туралы, заман талабына сай білім беру үрдісінде оқытуда ерекше қажеттілігі бар оқушыларға жалпы орта білім беру деңгейінде оқу мақсатына жетелейтін табысты оқыту ортасын құру туралы сөз етілді. Сабақ барысында пән мұғалімдері оқу мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құру ерекшеліктері, кері байланыс ұсыну, тоқсандық, бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру мәселелері талқыланды. Аудан көлеміндегі педагогтер көтерілген тақырып төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Семинар өте жоғары деңгейде өтті.



