Жаңалықтар
Жүзден жүйрік, мыңңан тұлпар.
- Толығырақ
- Жарияланды 26.10.2020 16:20

Жыл сайын облыста Мағжан Жұмабаевтың рухани мұрасын көп білетін оқушылар арасында байқау өткізіледі. 22 қазан күні 5-11-сынып оқушылары арасында VІІІ облыстық Мағжан оқулары онлайн өткізілді.
Ереже бойынша Мағжан оқулары үш бағыт бойынша аудандық және қалалық жеңімпаздары 53 оқушының қатысуымен өтті. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқып, жас зерттеушілер Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен мұрасына арналған ғылыми жобаларын қорғады.
Байқаудың қорытындысы бойынша «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» тақырыбында Мағжан шығармаларын жатқа оқу бағытында ІІ дәрежелі жүлдемен Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Алуана Манарбекова марапатталды. Жетекшісі: Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қали Толғанай Рымбайқызы.
Шаруашылық жөніндегі меңгерушілерге арналған аудандық семинар өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 23.10.2020 12:30

2020 жылғы 23 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық білім беру мекеме басшыларының шаруашылық жөніндегі меңгерушілерге «Білім беру мекемелерінде карантин кезінде өткізілетін іс-шаралар»тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға барлық білім беру мекемелерінен 29 адам қатысты.
Семинарда Баянауыл ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің бастығы Орман Түсіпов және Баянауыл аудандық тауарлармен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Рымгүл Макишева баяндама жасап, өз тәжірибелерімен ой бөлісті.
«Республикалық үздік авторлық бағдарлама» байқауының жеңімпазы
- Толығырақ
- Жарияланды 20.10.2020 17:00

2020 жылғы 20 қазан күні «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауы онлайн өтті.
Байқаудың мақсаты таңдалған пәндер бойынша оқу тәртібі, элективтік, арнайы курстарға, курстарға байланысты авторлық бағдарлама әзірлейтін үздік педагогтердің озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.
Байқауға педагогикалық тәжірибелері 5 жылдан кем емес, жұмыстары облыстық іріктеу кезеңінен өткен барлық типті және түрлі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты.
Баянауыл ауданы бойынша бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім беру бағыты бойынша №2 Майқайың ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Юрьевна Коваль, эстетикалық бағыттағы пәндер бойынша (көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық) бағыты бойынша Зейтін Ақышев атындағы ЖОББМ-нің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Меруерт Тұрсынқызы Бәтенова, сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы тәрбиелік жұмыс (үйірмелер, секциялар) бағыты бойынша Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының география пәнінің мұғалімі Ержан Бақтыбайұлы Рахимтаев 3 авторлық жұмыс ұсынылды.
Қос ұстазымыздың мерейі
- Толығырақ
- Жарияланды 05.10.2020 15:00

2020 жылғы 02 қазан күні Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақов «Павлодар облысы білім саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгімен және ақшадай сыйақымен ұстаздарды марапаттау рәсімін өткізді.
Баянауыл ауданы бойынша 33 мұғалім онлайн базасы арқылы өтініштерін тіркеп, талаптарға сай құжаттарын тапсырды. Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша Баянауыл ауданынан №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Баян Рақымжанқызы Шокина мен №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құндыз Габдулрашидқызы Рахымжанова іріктеуден өтті.
Қос мұғалімнің оқушылары бірнеше жыл қатарынан оқулардан, ғылыми жобалардан, олимпиадалардан жүлделі орындар алды. Өздері аудан, облыс, республика, халықаралық көлемінде өткізген іс-шараларға, семинарларға, оқуларға, байқауларға, олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр.
«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері
- Толығырақ
- Жарияланды 05.10.2020 09:20

2020 жылғы 2 қазан күні Павлодар облысы Білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарды «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады. Баянауыл ауданы бойынша Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің директоры Қайриден Нұхыұлы Мұзафаров «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Қайриден Нұхыұлы Мұзафаров көп жыл мұғалімдік және директорлық қызмет атқарды. Шығармашылық жұмыстың жемісі. Ұстаз мерейі үстем болсын.!
«Ұстаздық-ұлы мәртебе»
- Толығырақ
- Жарияланды 02.10.2020 11:20

«2020 жылғы 2-ші қазан күні Баянауыл ауданындағы Баянауыл ауданының орталықтандырылған кітапханада «Ұстаздық –ұлы мәртебе» тақырыбында ұстаздар күнінен орай мерекелік концерт өтті. Сәния Нығметова Аида Гарифулинаның «Forte» әнін орындады. Ұстаздар қауымын аппарат басшысы Қасымтай Қайыргелдіұлы Әбілғазин құттықтады.
Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» төмендегі пән мұғалімдері марапатталды:
-Байшүкір Дархан Шишханұлы- Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
-Сартаева Айтжамал Советовна- Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің директоры;
-Батенова Меруерт Турсыновна- Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің технология пәнінің мұғалімі;
-Кожанов Ермекбай Хасенович- №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
-Кенжалин Сабит Муратович- Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің директоры.
-Ералина Сауле Нұрғалиқызы-Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.



