Жаңалықтар
«Олимпиаданың маңыздылығы»тақырыбындағы туралы онлайн вебинар
- Толығырақ
- Жарияланды 05.05.2020 16:15

2020 жылғы 05 мамыр күні Екібастұз қаласындағы «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейі» онлайн режимінде аудандымыздағы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған вебинар өткізді. Кеңес жұмысына ауданымыздың әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева мен әдіскер Мәншүк Тынысқызы Шумақова және 16 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Вебинарға қатысушылар қашықтықтан оқыту жағдайында олимпиадаға және ғылыми жобаға оқушыларды дайындау барысында кездесетін қиындықтары мен маңыздылығына тоқталды. Жаңа режим жағдайында биология пәнінің мұғалімі Нодирбек Анваров ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
Кәсіптік өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жағдайында онлайн платформаларымен таныстырып, қашықтықтан жұмыс істеу форматы жағдайында олимпиадаға және ғылыми жобаға оқушыларды дайындау тәсілдеріне тоқталды.
«Қашықтықтан жұмыс істеу форматы жағдайы» туралы онлайн кеңес
- Толығырақ
- Жарияланды 23.04.2020 11:45

2020 жылғы 23 сәуір күні Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы онлайн режимінде аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттердің меңгерушілеріне, мамандандырылған мектеп директорларының орынбасарларына, білім беру бөлімдерінің білім сапасы мәселелеріне жетекшілік ететін мамандарына, мектеп кітапханаларының жұмысына жетекшілік ететін мамандарына арналған кеңейтілген отырыс өткізді. Кеңес жұмысына облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ж.П. Карамбаев қатысты.
Кеңеске қатысушылар қашықтықтан оқыту жағдайында өңірдің білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады. Білім беру үрдісін әдістемелік сүйемелдеу туралы ББДИО басшысының орынбасары А.А. Смаилканова айтып берді. Май ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Н.Ж. Адамжанова мен Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Ш. Слямова жаңа режим жағдайында облыс мектептерінде ОТҮ ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.
«Еңбекті қорғау бойынша ең үздік техникалық инспектор» онлайн байқауының жеңімпазы.
- Толығырақ
- Жарияланды 22.04.2020 16:05

Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Еңбекті қорғау бойынша ең үздік техникалық инспектор» онлайн байқауы өтті. Байқауға қала және аудан бойынша білім беру ұйымдарының техникалық инспекторлары қатысты. Баянауыл ауданы бойынша Әлкей Марғұлан жалпы орта білім беру мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі және еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор Руслан Васильевич Подтабачный өзінің атқарып жүрген жұмыстарының нәтижесін көрсете отырып, тәжірибе алмасты. Онлайн байқау қорытындысы бойынша Әлкей Марғұлан жалпы орта білім беру мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі және еңбекті қорғау бойынша техникалық инспектор Руслан Васильевич Подтабачный III дәрежелі дипломмен марапатталды. Марапатыңыз құтты болсын!
Балабақшада «Лего құрастыру» кабинеті ашылды
- Толығырақ
- Жарияланды 04.03.2020 09:11

2020 жылғы 4 наурыз күні Баянауыл ауылының бөбектер бақшасындағы тәрбиеленушілерге арналған «Лего құрастыру» кабинетінің ашылу рәсімі болды.
Кабинеттің ашылу салтанатына Баянауыл ауылының әкімі Руслан Рахметоллаұлы Мұқышев, Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Мереке Талқайратұлы Әбдікәрімов, ардагер ұстаздар, білім бөлімінің мамандары, балабақша ұжымы, тәрбиеленушілері және баспасөз өкілдері қатысты. Шара қонақтары жылы лебіздерін білдіріп, ардагер ұстаздар балаларға батасын берді. Сонымен қатар, ересек тобының ата-анасы кабинетке елу мың теңге көлемінде қаржылай демеушілік көмек көрсетті.
«Лего құрастыру» кабинеті заманауи үлгіде жабдықталып, балалардың жас ерекшеліктеріне сай «Лего» ойыншықтарымен толықтырылды. Іс-шара барысында балабақша тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көңілінен шықты.
«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 03.03.2020 18:05

Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен «Білім-инновация» лицей-интернатының ұйымдастыруымен дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Аталмыш олимпиаданың мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Облыстық олимпиадаға аудандық, қалалық кезеңдерінің жеңімпаздарынан барлығы 149 оқушы қатысты.
Күмбірле домбыра мектепте...
- Толығырақ
- Жарияланды 28.02.2020 11:45
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында 2020 жылғы 28 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Домбыра кабинеті» ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына Баянауыл ауданының әкімінің орынбасары Анара Балтабекқызы Баденова, білім бөлімінің басшысы Асылхан Манарбекұлы Мүбәрак, ардагер ұстаздар мен мектеп мұғалімдері және баспасөз өкілдері қатысты.
Қазіргі уақытта мектептің 5-6 сынып оқушыларының 90 оқушысы домбырамен ойнау үйірмесіне қатысып, өнерін шыңдауда. Мектепте домбыра оркестріне арналып, 30 домбыра сатып алынды.
Қазақтың қара домбырасының құдіреті мен қасиетін жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ашылған домбыра кабинеті заманауи үлгіде көрікті етіп жабдықталған, әрі әдістемелік құралдарға бай. Бұл кабинетке Баянауылдың тумасы, жерлесіміз, музыкант, әнші, сазгер Жүнісбек Шаймерденовтің есімі берілді.



