Жаңалықтар
Екібастұз қаласында өткен семинар
- Толығырақ
- Жарияланды 23.12.2019 11:45

2019 жылғы 20 желтоқсан күні Екібастұз қаласындағы «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейі» базасында Баянауыл ауданының өзара әрекеттістік және қолдау жоспарына сәйкес Рүстем Аманжолұлы Асқаров әріптестерімен робототехника пәнінің мұғалімі Абай Жәкенов «Робототехника курсы» пен дарынды балалармен координаторы Мөлдір Анваров «Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің тиімділігі» тақырыбында дарынды балалармен жұмыс жүргізетін координаторлар, робототехника пән мұғалімдеріне іс-тәжірибе алмасу семинарын өткізді.Семинардың мақсаты: білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, кәсіптік өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жағдайында білім беру сапасын арттыру және білім беру ұйымдарын қолдау.
Алғаш рет ауданымызда «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 12.12.2019 11:45

З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы өтті. Аталған шараға ауданымыздың 33 оқушысы қатысты.
Байқаудың мақсаты: балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысқой, қайсарлық қасиеттерге баулу. Байқауда қатысушыларды 5-8-сынып оқушылары және 9-11-сынып оқушылары деп екі топқа бөліп, Марабай жырау нұсқасындағы «Қобыланды батыр» жырын жатқа айту бойынша жарысты.
Аталған байқауға әділқазы ретінде ауданымыздың ардагер ұстазы Әубәкірова Ғалия Әубәкірқызы, аудандық «Баянтау» газетінің редакторы Еламан Хасенұлы Қабділәшім, білім бөлімінің әдістемелік кабинет басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева мен білім бөлімінің әдіскерлері Мәншүк Тынысқызы Шумақова, Махаббат Құдайбергенқызы Сәдуақасова, Гүлжанар Қабдыкәкімқызы Кәрімова төрешілік етті.
«Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі-кәсіби қызметінің негізі» аудандық семинары
- Толығырақ
- Жарияланды 27.11.2019 11:45

2019 жылғы 28 қараша күні Үшқұлын ауылында орналасқан «Майқайың кенті бөбектер бақшасы»мекемесіндегі мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне арналған «Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі-кәсіби қызметінің негізі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: оқу-тәрбие іс-әрекетінде және дидактикалық ойындарда қолданылатын, балалардың қол моторикасын, тіл байлығын және логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді фетр материалынан қолдан жасаудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Семинарға Баянауыл ауданының шағын орталықтарының және балабақшалардың 25 тәрбиешілері, Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысы Гүлнәзи Зейноллақызы Нұртаева, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының бас маманы Нұрсағат Рахметуллаұлы Ермеков және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының әдіскері Гүлжанар Қабдылкәкімқызы Кәрімова қатысты.
«Дарынды балаларға – талантты ұстаз» жас мамандардың педагогикалық байқауы
- Толығырақ
- Жарияланды 26.11.2019 11:45

Дүйсенбай Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» атты республикалық жас мамандардың педагогикалық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Педагогикалық байқаудың мақсаты-педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін дамытуға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Бұл байқауға Баянауыл ауданының мектептерінен 15 жас маман қатысты.
«Ақберен» байқауының жеңімпаздары
- Толығырақ
- Жарияланды 25.11.2019 11:45

Ақмола облысындағы Щучье қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы 8-11-сынып оқушылары арасында «Ақберен» VІ республикалық байқауын өткізді. Республикалық байқауға 16 облыс, Алматы Астана қалаларынан оқушылар қатысты. Баянауыл ауданынан 2 оқушы қатысты. Оның ішінде 1 оқушы оза шықты. Жас өрендер «Көркем сөз оқу», «Ақындар айтысы» бағытында сынға түсті.
«Ақындар айтысы» бағыты бойынша Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Азамат Базарбай II дәрежелі дипломмен, ал «Көркем сөз оқу» бағыты бойынша №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Ақерке Дәулетбек «Дарын» РҒПО-ның «Алғыс хатымен»марапатталды. Жетекшілері: Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таңат Қуанұлы Ахатов пен №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дархан Маратұлы Жұмабаев.
Жас ғалымдардың жетістігі
- Толығырақ
- Жарияланды 22.11.2019 11:45

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде 8-11- сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңі өтті. Баянауыл ауданы бойынша 3 оқушы қатысып, білім мен ғылымға құлшынысы артқан 2 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
«Физика» секциясы бойынша №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Нұржан Ғабдуқалиев пен Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы Ақжарқын Әбілаш жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшілері: №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құндыз Ғабдулрашитқызы Рақымжанова мен Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Нұржан Дәулетбекұлы Тоқыш.



