banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Балаларға арналған «Мен зерттеушімін» республикалық конкурсының аудандық турын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

  1. 1.Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар арасында балаларға арналған «Мен зерттеушімін» республикалық конкурсын ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттарын белгілейді, мақсаты мен міндеттерін айқындайды.  

1.2. Конкурс ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ (бұдан әрі – Институт) 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес өткізіледі.

1.3. Мақсаты: Қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауға қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгеру үшін жағдай жасау, қарапайым экологиялық ұғымдарды қалыптастыру.

1.4. Міндеттері:

- тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, танымдық, шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;

- балалардың қарапайым зерттеулер жүргізуге қызығушылығын қалыптастыру, тірі және өлі табиғат туралы білімдерін кеңейту;

- балалардың танымдық, коммуникативтік, креативті және сыни ойлау, командамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

балаларды себеп-салдарлық байланыстарды орнатуға, зерттеу барысында жаңа ақпараттарды алуға, обьектілерге зерттеу жүргізу үшін алгоритмін жасауға үйрету;

- балалардың зерттеу әрекетіне ата-аналарды тарту, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттары

2.1. Конкурсты ұйымдастырушылар – Баянауыл аудандық білім беру бөлімі.

2.2. Конкурсқа мектеп жасына дейінгі ересек балалар, мектепалды топтары мен сыныптарының балалары қатысады.

2.3. Конкурстың барлық кезеңдерінде материалдарды бағалау үшін басшылардың бұйрығымен аудан (құрамы кемінде 11 адам) деңгейінде өңірлік комиссия құрылады.

2.4. Өңірлік комиссия аудандық білім беру бөлімнің қызметкерлері, мектепке дейінгі ұйым басшылары, білікті педагогтер, әдіскерлер, ата-аналар жұртшылығының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және т. б. қатарынан құрылады.

2.5. Өңірлік комиссия Конкурс қатысушыларының ұсынылған материалдарын зерделейді және бағалайды.

2.6. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін қатысушы осы Ереженің                     1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді (конкурстың І кезеңінің нәтижелері бойынша жеңімпаздарға II кезеңге қатысуға жол беріледі), электрондық форматта мынадай құжаттар (материалдар) қоса беріледі:

1) конкурсқа қатысу үшін өтінім (осы Ереженің 1-қосымшасы);

2) жоба мәтіні MicrosoftWord редакторында, қаріп – Times New Roman, кегль 14 ұсынылуы тиіс (бір жоларалық интервал). Жиектері стандартты: сол жақта – 3 см, оң жақта – 1 - 1,5 см, жоғарғы жағында-2 см және төменгі жағында-2 см. Барлық парақтар нөмірленеді;

3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес ұзақтығы 5 (бес) минутты құрайтын зерттеу жобасын қорғау барысы туралы бейнематериал.

2.7. Конкурстың ІІ кезеңіне жүлдегерлер, 1 және 2 орын иегерлері (кемінде 4 жеңімпаз) жіберіледі.

  1. 2.Конкурсқа ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар

3.1. Конкурсқа мектеп жасына дейінгі ересек, мектепалды топтары мен сынып тәрбиеленушілерінің жеке және топтық жұмыстары тәрбиелеу және білім беру тілінде ұсынылады.

3.2. Конкусқа жеке қатысушылар (педагогпен немесе ата-анасымен бір тәрбиеленуші), шығармашылық топ (педагогпен немесе ата-анасымен тәрбиеленушілер (бірге 5 адамға дейін) қатыса алады.Бір автор немесе топ тек бір ғана жұмысты ұсына алады.

3.3 Бейне роликтер YouTube бейне платформасына жүктеледі, өтінімде сілтеме орналастырылады.

3.4. Жұмысқа қойылатын талаптар:

1) зерттеу жұмысының баланың жасына сәйкестігі;

2) зерттеу жұмысына баланың қызығушылық танытуы, өз ойын еркін жеткізуі;

3) зерттеу нәтижесі;

4) бала мен ата-ананың бірлескен әрекеті (зерттеу әрекетін бірге жасаған кезде);

5) зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

3.5. Жобаны қорғау үшін қатысушылар көрнекі материалдарды қолдана алады.

3.6. Материалдар «Мен зерттеушімін» Конкурсының атауымен 2023 жылдың «01» наурыздан кешіктірілмей This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберіледі. Көрсетілген мерзімнен кеш келіп түскен материалдар қаралмайды, сондай-ақ қайтарылмайды.

4. Қорытынды жасау, жеңімпаздарды марапаттау

4.1. «Мен зерттеушімін» Конкурсының аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша мынадай жүлделі орындар белгіленеді:

- І орын;

- ІІ орын;

- ІІІ орын.

Номинациялар:

- Тапқыр зерттеуші;

- Жас эколог;

- Креативті жұмыс;

- Жаңалық жаршысы;

- Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған педагогтерге сертификаттар беріледі.

          

1-қосымша

Балаларға арналған «Мен зерттеушімін» республикалық конкурсының аудандық турына қатысуға арналған

ӨТІНІМ

 

Мектепке дейінгі ұйымның толық атауы (МДҰ жарғысына сәйкес)  

Жобаны орындаушы (аты-жөні,

жасы)

 
Жоба жетекшісі (аты-жөні, лауазымы)  
Жоба тақырыбы  
Мақсаты, міндеттері, нәтижесі  
Іздеу-зерттеу жобасын қорғау барысы туралы бейнематериал орналастырылған YouTube платформасындағы бейненің сілтемесі  

 

2-қосымша

Жобаны қорғауға арналған бейнематериал (10 балл)

         Бейнематериалдың басты бетінде мектепке дейінгі ұйымның атауын; жұмыстың, жобаның атауын; авторлардың (баланың тегі, аты, жасы) және жетекшілердің (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс орны) туралы мәліметтерді көрсету қажет.

         Бейнеролик ізденіс және зерттеу жұмысының барысын, нәтижесін көрнекі түрде көрсете отырып, баланың (балалардың) сөйлеген сөзін қамтуы тиіс.

         Бала (балалар) зерттеудің ол (олар) үшін маңыздылығын, өзі күтетін нәтиженің болжамын, зерттеу жұмысының нәтижесін түсінікті жеткізеді.

         Жұмыстың мазмұны баяндалады. Бала (балалар) зерттеу қалай жүргізілгенін, қандай әдістер қолданғанын, қандай құралдар пайдаланғанын айтады.

         Алған нәтижелерін көрсетеді және бағалайды, қорытынды жасайды, тақырыптың неліктен қызықтырғанын, алдағы уақытта қандай зерттеулер жасағысы келетінін айтып береді.

Пайдалануға болады:

мультимедиялық сүйемелдеу, фото – бейне-аудиотекалар; тәжірибелер, эксперименттер, бақылаулар нәтижелері; суреттемелер, сызбалар, кестелер және т. б.

Конкурс жұмысын бағалау мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

-         жобаның мәлімделген тақырыпқа, жас санатына сәйкестігі;

-         мақсат, міндеттер мен нәтижені қалыптастырудың бар болуы және сауаттылығы;

-         материалды ұсынудың қисындылығы мен дәйектілігі;

-         жұмыстың жүйелілігі;

-                     жоба бойынша жұмыстың әртүрлі кезеңдерін орындауда баланың (балалардың) дербестік дәрежесі;

-         шығармашылық тәсіл;

-         материалдың жоба тақырыбына сәйкестігі;

-         жобаның эстетикалық дизайн деңгейі.

Бейнематериалдың техникалық сипаттамалары:

  • төмен рұқсаттылығы –720 x 480 (12:8 см);
  • жобаның презентациясымен бірге бейнематериалдың ұзақтығы –
    5 (бес) минуттан аспау керек.

Жобаны қорғау барысы туралы бейнеролик өтінімге сілтеме орналастыра отырып, YouTube бейне платформасына жүктеледі.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz