banner1
banner2
banner3

«Мектепке жол» мейірімнен басталады

   2018 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өтті.

   Акция мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылар және әлеуметтік қорғалмаған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша оқушыларды мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету. Олардың мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.

   Баянауыл ауданы бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында ауылдық округтерде 25 баннер, 55 плакаттар ілінді, білім бөлімінің, аудан әкімдігінің сайтына берілді. Акция барысында 179 аула аралау, 81 рейдтік шаралар жүргізілді.

   Осы іс-шараға аудан әкімдігі, барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері, Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, «Халық банкі» АҚ, мемлекеттік ұйымдар басшылары, жеке кәсіпкерлер мен маслихат депутаттары да қатысып, көмекке мұқтаж отбасыларға материалдық көмектер көрсетті.

   Сондай-ақ «Логотек КZ» ЖШС –і 80 мың теңгеге 8 оқушыға, «Алюмний зауыты» АҚ –ы 150 мың теңгеге 14 оқушыға, «Пневмоударное бурение» ЖШС –і 240 мың теңгеге 20 оқушыға мектеп формаларын, спорт формалары мен сумкаларды, кеңсе тауарларын сыйлады.

   «Мектепке жол» акциясы аясында аудан бойынша материалдық көмекке мұқтаж 410 балаға 5526,0 мың теңгеге көмек көрсетілді. Оның ішінде жаппай біліммен қамту қорынан 275 оқушыға 2278,0 мың теңге, демеушілер есебінен 289 оқушыға 3248,0 мың теңге.  

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz