Екібастұз қаласында өткен семинар
2019 жылғы 20 желтоқсан күні Екібастұз қаласындағы «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейі» базасында Баянауыл ауданының өзара әрекеттістік және қолдау жоспарына сәйкес Рүстем Аманжолұлы Асқаров әріптестерімен робототехника пәнінің мұғалімі Абай Жәкенов «Робототехника курсы» пен дарынды балалармен координаторы Мөлдір Анваров «Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің тиімділігі» тақырыбында дарынды балалармен жұмыс жүргізетін координаторлар, робототехника пән мұғалімдеріне іс-тәжірибе алмасу семинарын өткізді.Семинардың мақсаты: білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, кәсіптік өзара әрекеттестік және ынтымақтастық жағдайында білім беру сапасын арттыру және білім беру ұйымдарын қолдау.
Семинарға аудан бойынша 9 мектептен 21 робототехника пәнінің мұғалімдері және дарынды балалармен жұмыс жүргізетін координаторлар қатысты. Қазіргі уақытта әрбір мұғалім оқушының білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. “Бұлақ көрсең, көзің аш” демекші қазіргі кездегі өзекті мәселе, ол оқушыларының дарындылық қабілетін танып білу, оны зерделеу. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып, көруімізге болады. Әріптестеріміз құнды мәліметтер беріп, олардың тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізді. Өзара тәжірибе алмасу мұғалімдерге тиімді және сапалы болды.