banner1
banner2
banner3

Баянауыл ауданының әкімінің шыршасы

    2019 жылғы 24 желтоқсан күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты және №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде мүмкіндігі шектеулі, жетім, ата-аналар қамқорлығынан айырылған балаларға арналған «Біз еліміздің жарқын болашағымыз» тақырыбында аудан әкімінің шыршасы өтті. Аудан әкімінің шыршасын З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебі мен №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің ұжымдары ұйымдастырды. Жаңа жылдық шыршаға 27 жетім және ата-аналар қамқорлығынан айырылған, 46 мүгедек балалар қатысты.

   Ауданымыздың белгілі кәсіпкерлері А.С.Камашев, А.Г.Сарбасов, А.А.Балтабаев демеушілік жасады. Балаларға шана, коньки,сөмке (рюкзак) тәтті кәмпиттер салынған қорапшалар үлестірді.

   «Осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын. Жаңа жыл түні Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жеткізетін, ой-мақсаттарды жүзеге асыратын, арман-үміттерін ақталатын жыл болсын және осы шана мен конькилерімен орталықтағы, мектеп жанындағы мұз айдына келіңіздер»,-деді аудан әкімі Қанат Сәрсенұлы Кәрімов.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz