banner1
banner2
banner3

Консультациялық пункт

БЕКІТЕМІН

Е.Бекмаханов атындағы

жалпы орта білім

беру мектебінің басшысы

Ж.К.Зкиров

______________

«02» қыркүйек 2025 ж.

2025-2026 оқу жылына арналған

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТІҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

Аптакүні

Жұмыс уақыты

Жауапты

Дүйсенбі

15.00-16.00

Психолог

Сейсенбі

13.00-15.00

Тәрбиешілер

Сәрсенбі

13.00-15.00

Тәрбиешілер

Бейсенбі

14.00-15.00

Психолог

Жұма

16.00-18.00

Медбике

 

БЕКІТЕМІН

Е.Бекмаханов атындағы

жалпы орта білім

беру мектебінің басшысы

Ж.К.Зкиров

______________

«02» қыркүйек 2025 ж.

2025 – 2026 оқу жылына арналған

консультациялық пунктің жұмыс жоспары

Тақырыбы

Өткізу нысаны

Мерзімі

Жауапты

Баланы мектепке дейінгі ұйымға бейімдеу

кеңес

Қыркүйек

Психолог

Тәрбиешілер

Егер бала тыңдамаса не істейміз?

кеңес

Қазан

Психолог

Тәрбиешілер

Тұмауды болдырмаудың жақсы және жаман әдеттері

кеңес

Қараша

Медбике

Егер бала дұрыс тамақтанбаса

кеңес

Желтоқсан

Психолог

Баланың дамуы мен тәрбиесіндегі ертегінің рөлі

әңгімелесу

Қаңтар

Тәрбиеші

Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау.

дөңгелек үстел

Ақпан

Медбике

Тәрбиеші

Балалардың сөйлеу қабілетін дамыту.

ұсыныс

Наурыз

Тәрбиеші

Баланың жеке басының дамуы

әңгімелесу

Сәуір

Тәрбиеші

Баланың мектепке педагогикалық және психологиялық дайындығы

дөңгелек үстел

Мамыр

Басшы, даярлық топ тәрбиешісі, психолог

 

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған

консультациялық пункт туралы ереже

(бұдан әрі – консультациялық пункт)

Ереже мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға педагогикалық көмек көрсету бойынша консультациялық пункт құру және оның қызметінің тәртібін айқындайды.

І. Консультациялық пункттің қызметін нормативтік құқықтық сүйемелдеу:

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.Білім туралы - "Әділет" АҚЖ (zan.kz);

2. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы - "Әділет" АҚЖ (zan.kz);

3. «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы.

4. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысы.

5. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысы

6.[1] [2] «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығы.

7. «Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы.

8. «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы.

9. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 306 Заңы.

10. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында 2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат.

ІІ. Консультациялық пункттің міндеттері:

● ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету және баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру;

● ата-аналарды (заңды өкілдерді) балаға оның жеке ерекшеліктеріне сәйкес білікті көмек көрсететін білім беру жүйесінің ұйымдары туралы хабардар ету.

●  мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы проблемаларды тану, диагностикалау;

●  мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-5 жастағы балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге көмек көрсету;

●  ата-аналарға жаңа ақпараттық технологияларды таныстыру.

Мақсаты:

●  мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

●  отбасылық тәрбиенің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету;

●  мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналардың (заңды өкілдердің) педагогикалық құзыреттілігін арттыру;

●  мектепке дейінгі ұйымдарға баратын және бармайтын балалардың жеке басының жан-жақты дамуын қолдау.

 

Консультациялық_пункт

 

Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға арналған консультациялық пунк туралы

ЕРЕЖЕ

1.1. Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункт сайтта және мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жаңындағы «Балбөбек» шағын орталығында ұйымдастырылады.

1.2. Консультациялық пункт мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.3. Консультациялық пункт ата-аналар (заңды өкілдеріне) және білім беру мекемесіне бармайтын балалар үшін жасалады.

1.4. Осы ереже мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (бұдан әрі - МДБМ) жұмыс істейтін Консультациялық пункттер қызметтерін реттейді.

  1.5. Консультациялық пункт мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуында отбасыға көмек көрсету нысандарының бірі болып табылады. 

2. Консультациялық пункттің жұмыс істеу мақсаттары мен міндеттері

2.1.Консультациялық пункті отбасы мен қоғамдық тәрбиенің бірлігін және келісімдігін қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың жан-жақты дамуына демеу болу мақсатында құрылады.

  2.2. Консультациялық пункттің негізгі міндеттері:

МДБМ бармайтын балалардың дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етуде, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету; 

Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесі, оқытуы мен дамуының әртүрлі мәселелері жөнінде ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;

  МДБМ бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтенуіне көмек көрсету;

  МДБМ және балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әлеуметтік және медициналық жәрдем беретін өзге де ұйымдар арасында өзара әрекеттестік қамтамасыз ету  болып табылады.   

3. Консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру

3.1. Сайтта және МДБМ-де қажетті консультациялар, ата-аналар (заңды өкілдерінің) сұранысы бойынша жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш, телефонмен хабарласу, білім беру мекемесі сайтының жұмысын ұйымдастыру арқылы және т.б. бойынша сырттай консультациялар ұйымдастыру - консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары болып табылады.

3.2. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдеріне) өзінің консультациялық көмегін мынадай мәселелер бойынша жүзеге асыра алады: 

  • Балалардың жас және психикалық ерекшеліктері;

  • Мектепте оқуға дайындық; 

  • МДБМ-не бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу бұзылуын алдын алу;

  • Балалардың шынығуы мен сауықтыруы үшін жағдай жасау.

3.3. Консультациялық пункт айына 1 рет консультация түрінде сайтқа жаңа ақпарат орналастырады және әр апта сайын мына телефондар бойынша хабарласып, керекті ақпаратты алып немесе өз проблемаңызды хабарлауыңызға болады.

3.4. Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру мамандар: әдіскер, (аға тәрбиеші), басшы, медициналық қызметтерінің бірлестігі негізінде құрылады.  

Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация беру бір немесе бірнеше өкілдерімен бір уақытта өткізілуі мүмкін.

3.5. Консультациялық пункттің қызметін белгілеу үшін мынадай құжаттарды жүргізу қажет:

Консультациялық пункттің жұмыс жоспары;

МДБМ басшысымен бекітілген Консультациялық пункттің жұмыс кестесі.

 

 

Бекітемін

Басшы

З.Х Садвакасова

Ақыл-кеңес беру пунктінің жылдық жұмыс жоспары

2024 – 2025 оқу жылы

Жұмыс мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

1-5 жас аралығындағы балалар тізімін жасау, шағын орталықтар мен даярлыққа қатыспайтын балаларды анықтау.

қыркүйек

Жеке мамандар

2

«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамуы» дөңгелек үстел ұйымдастыру

қазан

Тәрбиешілер

3

«Баланы мадақтау мен ұялту» дөңгелек үстел

қараша

Психолог

4

«Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ата-ананың талабы»

желтоқсан

Медбике

5

«Ойнаймыз да,оқимыз» шебер класс

ақпан

Тәрбиешілер

6

«Емдеуші ойындар» шебер класс

наурыз

Тәрбиешілер

7

«Бала өмірінде музыканың әсері» шебер класс

сәуір

Тәрбиешілер

8

Тақырып бойынша және ата-аналардың сұранысы бойынша кеңес беру

Жыл бойы Сұраныс бойынша

Тәрбиешілер

Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) және отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға арналған консультациялық пунк туралы

ЕРЕЖЕ

1.1. Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункт сайтта және мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің, Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің жанындағы «Күншуақ» шағын орталығы ұйымдастырылады.

1.2. Консультациялық пункт мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

1.3. Консультациялық пункт ата-аналар (заңды өкілдеріне) және білім беру мекемесіне бармайтын балалар үшін жасалады.

1.4. Осы ереже мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (бұдан әрі - МДБМ) жұмыс істейтін Консультациялық пункттер қызметтерін реттейді.

1.5. Консультациялық пункт мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуында отбасыға көмек көрсету нысандарының бірі болып табылады. 

2. Консультациялық пункттің жұмыс істеу мақсаттары мен міндеттері

2.1.Консультациялық пункті отбасы мен қоғамдық тәрбиенің бірлігін және келісімдігін қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың жан-жақты дамуына демеу болу мақсатында құрылады.

2.2. Консультациялық пункттің негізгі міндеттері:

МДБМ бармайтын балалардың дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етуде, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;

Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесі, оқытуы мен дамуының әртүрлі мәселелері жөнінде ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;

МДБМ бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтенуіне көмек көрсету;

МДБМ және балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әлеуметтік және медициналық жәрдем беретін өзге де ұйымдар арасында өзара әрекеттестік қамтамасыз ету  болып табылады.   

3. Консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру

3.1. Сайтта және МДБМ-де қажетті консультациялар, ата-аналар (заңды өкілдерінің) сұранысы бойынша жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш, телефонмен хабарласу, білім беру мекемесі сайтының жұмысын ұйымдастыру арқылы және т.б. бойынша сырттай консультациялар ұйымдастыру - консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары болып табылады.

3.2. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдеріне) өзінің консультациялық көмегін мынадай мәселелер бойынша жүзеге асыра алады:

Балалардың жас және психикалық ерекшеліктері;

Мектепте оқуға дайындық;

МДБМ-не бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу бұзылуын алдын алу;

Балалардың шынығуы мен сауықтыруы үшін жағдай жасау.

3.3. Консультациялық пункт айына 1 рет консультация түрінде сайтқа жаңа ақпарат орналастырады және әр апта сайын мына телефондар бойынша хабарласып, керекті ақпаратты алып немесе өз проблемаңызды хабарлауыңызға болады.

3.4. Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру мамандар: әдіскер, (аға тәрбиеші), басшы, медициналық қызметтерінің бірлестігі негізінде құрылады.  

Ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация беру бір немесе бірнеше өкілдерімен бір уақытта өткізілуі мүмкін.

3.5. Консультациялық пункттің қызметін белгілеу үшін мынадай құжаттарды жүргізу қажет:

Консультациялық пункттің жұмыс жоспары;

МДБМ басшысымен бекітілген Консультациялық пункттің жұмыс кестесі.

Балалары білім беру мекемелеріне бармайтын,

ата-аналарға арналған консультациялық пункт

Құрметті ата-аналар!

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің, Сұлужон жалпы орта білім беру мектебінің жанындағы «Күншуақ» шағын орталығына балалары білім беру мекемелеріне бармайтын, ата-аналарға арналған консультациялық пунк ашылды.

Егер сіздің балаңыз балабақша не болмаса шағын орталыққа бармайды және сізде баланың тәрбиесі мен дамуына байланысты сұрақтарыңыз болса, онда Сіз біздің консультациялық пункте келіп, баланың тәрбиесі мен оқытуы және дамуы мен сауықтыру мәселелері бойынша әдіскерден,медбикеден, психолог пен тәрбиешілерден консультациялық және тәжірибелік көмек алуларыңызға болады.

Біздің консультациялар ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, баланың жан-жақты дамуына жәрдемдесуге бағытталған.

Консультациялық пункті мамандарының жұмыс кестесі

Маманның Т.А.Ә. қызметі

Консультацияның өткізілу күні мен уақыты

1

Айтимова Б.К

Тәрбиеші

Сәрсенбі,жұма

11.00-ден 12.00 –ге дейін

2

Серикова Д.Б

Тәрбиеші

Сәрсенбі, жұма

17.00-ден 18.00-ге дейін

Консультациялық пунктте көмек ТЕГІН көрсетіледі!

 

 

Жоспар

 

13 03 2024 1

 

13 03 2024 2

 

13 03 2024 3

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz