«Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы»
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Ия, тәуелсіз-әлемдегі ең құдыретті сөз. Ел еркіндігі.
Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл толды. Соның арқасында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналғаны баршамызға мәлім.
1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болып, қазақ елі дербес мемлекетке айналды.
Мектебіміздің кітапханасында осы 30 жылдық мерекеге орай « Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: – Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. – Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. – Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Кітап көрмесі, төмендегідей үш бөлімнен тұрады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «буккроссинг» бұрышы
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды іске асыру тапсырмасы бойынша мектебімізде кітапхана жанынан көрмелер ашылып, «Бір ел бір кітап акциясы», «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Bookcrossing» акциялары жалғасуда.
«Бір ел бір кітап» акциясы Қазақстанда 2007 жылдан бері қолға алынып келеді. Акциясының мақсаты халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тілін құрметтеу болып табылады. Биылғы жылы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» орай 30 кітап ұсынылып, көрмеге қойылды.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханамызға бірнеше кітаптар келіп түсті. Атап айтсақ, «Ұлы дала жауһарлары» сериясының 3томдық «Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы», 2 томдық «Ұлы даланың көне сарындары», 10 томдық «Дала фольклорының антологиясы» және «Даналық әліппесі».
Сонымен қатар «Bookcrossing» мектебіміздің кітапханасында қолданып келе жатыр. Акция мақсаты балалардың кітапқа деген қызғушылығын арттыру, бір-бірлерімен кітап алмасу. «Bookcrossing» қазақша «кітап сыйла» немесе «кітаптың айналымда жүруі» дегенді бідіреді.
Қазіргі уақытта осы жобалар арқылы кітапхана жоспарға сай жұмыстануда.