banner1
banner2
banner3

«Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы»

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Ия, тәуелсіз-әлемдегі ең құдыретті сөз. Ел еркіндігі.

   Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл толды. Соның арқасында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналғаны баршамызға мәлім.

1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болып, қазақ елі дербес мемлекетке айналды.

   Мектебіміздің кітапханасында осы 30 жылдық мерекеге орай « Тәуелсіз Қазақстан – ғасырлар арманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: – Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата – бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. – Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. – Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Кітап көрмесі, төмендегідей үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім – «Тарихи шежіре» деп аталады. Яғни 1991 жылдан 2021 жылға дейінгі Елімізде болып жатқан жетістіктердің айғағы ретінде суреттер, кестелер қойылса, екінші бөлімінде – «Тәуелсіз Қазақстан-ғасырлар армады» тақырыбындағы әдебиеттер ұсынылған. Көрмедегі кітаптарға оқырмандар қызыға алып оқуда. Тоқтала кетсек соның бірі Манаш Қозыбаевтың «Киелі тәуелсіздік», «Тәуелсіздік шежіресі» айтарлықтай орын алды.

Көрменің үшінші бөлімінде – қол өнерге арналған, яғни мектебіміздің оқушыларының өз қолдарымен жасалған бұйымдарын да көрмеге қойдық.

Қорыта айтқанда, Ел тәуелсіздігінің шежіресі мектеп қабырғасында, кітапханашылардың ұйымдастыруымен көрме ретінде қабылданып, көрермендер көңілінен шықты.

15 12 2021 2

15 12 2021 3

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz