banner1
banner2
banner3

«Тұғыры биік Тәуелсіздік»

21 12 2021 1Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдында қайта егеменді ел болған күн. Тәуелсіздік бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгеніне 30 жыл. Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс. Осы тәуелсіздік күніне орай Б.Хайдаров мектебінде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты: ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін оқушыларға таныту.

Толығырақ...

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

20 12 2021 1Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы – татулығымыздың, береке – бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президент күніне орай Б.Хайдаров мектеп кітапханасында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты: елбасының өмір жолы және кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін оқушыларға таныту.

Толығырақ...

«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында «20 минут оқы»

27 09 2021 22020-2021 оқу жылында мектебімізде осы жобаны «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында кітапханамызда әртүрлі іс-шаралар,көптеген бұрыштар безендірілді.

Биылғы оқу жылында «Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жалғасын табуда. Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде осы жобаны іске асыру барысында сыныптарда «20 минут оқы» жүзеге асырылуда.

«20 минут оқу» мақсаты – оқушылардың рухани құндылықтарын арттыру, оқуға деген қызығушылықтарын ояту, кітап оқуды қолдау мен беделін арттыру.

«20 минут оқу» жобасына мектеп мұғалімдері, оқушылар, техқызметкерлер ат салысуда. Күн сайын мектепке келген оқушылар үзіліс кезінде 20 минуттай кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Толығырақ...

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Буккроссинг»

   2021 - 2022 оқу жылында Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектеп кітапханасында «Буккроссинг» бұрышы безендіріліп, ашылды. «Буккроссинг» бұрышының негізгі мақсаты - әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу.

   Оқушылар өздері оқыған қызықты кітаптарын жанындағы құрбысына немесе жақын досына оқуға беріп, кітаптармен алмасады.

 

 

 

Толығырақ...

Әліппе

   Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде білім күніне ұйымдастырылған «Кел, балалар, оқылық» атты алғашқы қоңырау мерекесі аталып өтті. Мереке барысында мектебіміздің басшысының м.а. Н.А..Жортуылова және сынып жетекші, кітапханашы білім басы «Әліппе» кітабын асқар ниетпен, ақжол тілей отырып мектеп табалдырығын алғаш аттаған 19 бүлдіршіндерімізге салттанаты түрде табыс етті.

Оқушыларымызға тілеріміз, ұлағатты тұлға, болашақта абыройлы азамат болып, зор белестерді бағындырып, мектеп ұясын сәтті түлеп шығуға тілектеспіз!

Толығырақ...

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz