«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындарлы саясатымен егеменді елімізді басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. Елбасы – татулығымыздың, береке – бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президент күніне орай Б.Хайдаров мектеп кітапханасында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты: елбасының өмір жолы және кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін оқушыларға таныту.