banner1
banner2
banner3

14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні

Бұл мерекенің мақсаты - жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, кітапхана қорын молайту, кітап оқуға шақыру. Қазіргі таңда мереке халықаралық деңгейге дейін жетті. Оқырмандарымыз өз үлестерін қосып кітапхана қорына кітап сыйға тартты.Қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Мерекенің қағидасы бойынша осы күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Сол арқылы жас ұрпақтың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға болады.

Мейрамның шығу тарихы да ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур - әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір күні ұлы анасына дәл осы күні "Неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?" деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесінде әлемнің түпкір-түпкірінен бір-біріне кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейген. Қазіргі таңда мереке халықаралық деңгейге дейін жетті. 

Зейтін Ақышев атындағы ЖОББМ-де орыс тілі мен әдебиеті пән апталығына орай «Сорочинск» жәрмеңкесі өткізілді.Мектеп оқушылары мен ата-аналар үйден жасап әкелген тәтті-дәмділерін жәрмеңкеде сатып,түскен соманы әр сынып мектеп кітапханасына "Мектепке кітап сыйла"акциясы бойынша жаңа кітаптар сатып алуға тапсырды. Мектебіміздің кітапханасына Экибастұз қаласында орналасқан «Академкнига» дүкенінен 53 дана көркем әдеби кітаптарын әкеп,сыйға тартты.Оның ішінде қазақ ауызәдебиеті,әлем әдебиеті, шетел әдебиеті және балаларға арналған ертегілер бар.

«Дарынды бала» көшбасшылық дамыту орталығының бастамасымен дүниеге келген «дарынды бала әлемі»атты ертегілер жинағын (3дана)ата-анамыз Олжатай Гүльмира, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»қоғамдық бірлестігінің Баянауыл аудандық филиалының төрағасы Сейсенбек Мұсабек Сейсенбайұлы сыйға 5 дана көркем әдебиет тарту етті.

Кітапханаға «Кітап сыйла» акциясына белсенділік танытып қатысқан мектеп ұстаздарына,оқушылар мен ата-аналарға және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне ерекше алғысымызды білдіреміз!

 

14 02 2024 1

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz