banner1
banner2
banner3

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Сынып кітапханасы»

13 09 2021 7

    Республикалық «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы биылғы оқу жылында өз жалғасын табуда. 2020 – 2021 оқу жылында мектебімізде осы жобаны іске асыру барысында түрлі іс – шаралар өткізіліп, кітапхана қорын толықтыру барысында «Буккроссинг» арқылы кітап қоры бірнеше жаңа көркем әдебиеттермен толықтырылды.

  Биылғы оқу жылында «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы жалғасуда.Үшұлын жалпы негізгі білім беру мектебінде осы жобаны іске асыру барысында, сыныптарда «Сынып кітапханасы» бұрыштары безендіріліп, ашылды.

   Әр сыныпта оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай балаларға арналған қазақ ақын – жазушыларының кітаптары, ертегілер, «Дала фольклорының антологиясы» сериясынан 10 томдық топтамасы, балалар журналы орын алды. Кітапханашы әр сынып оқушылары арасында ұсынылған кітаптар бойынша библиографиялық сағатын өткізді. Оқу жылының соңына дейін сынып кітапханасындағы кітаптар мен журналдар ауыстырылып отырылады.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz