banner1
banner2
banner3

Мектеп кітапханасында Баянауыл ауданының Құрметті азаматымен кездесу өтті

18 05 2023 1   Баянауыл ауданының құрметті азаматы, «Мәдениет саласының үздігі», «Қазақстан салалық мәдениет, спорт және ақпарат кәсіподағының» облыстық филиалы ауданның дамуына үлес қосқан ақын айтыскер Сейітов Жұмкен Арқалықұлымен мектеп кітапханасында оқушылармен кездесу өтті.

   Сұхбат барысында жас ақындарды аламан айтыстарға дайындап, ұстаздық етуден жалықпаған Жұмкен аға "Ең басты мақсат – халқыма адал қызмет ету, сондықтан оқушы балалар сендер де өз бойларыңда көркем мінез қалыптастыруға ұмтылу керексіңдер " деп ақылын айтты.Білімді, білікті ұрпақ болып өсу үшін кітап оқуға шақырды. Кітап оқу, бұл – текті кісілікке, кемел адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізетін құрал екенін айтып кетті.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz