banner1
banner2
banner3

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «буккроссинг» бұрышы

    Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды іске асыру тапсырмасы бойынша мектебімізде кітапхана жанынан көрмелер ашылып, «Бір ел бір кітап акциясы», «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Bookcrossing» акциялары жалғасуда.

   «Бір ел бір кітап» акциясы Қазақстанда 2007 жылдан бері қолға алынып келеді. Акциясының мақсаты халық әдебиетін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тілін құрметтеу болып табылады. Биылғы жылы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» орай 30 кітап ұсынылып, көрмеге қойылды.
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханамызға бірнеше кітаптар келіп түсті. Атап айтсақ, «Ұлы дала жауһарлары» сериясының 3томдық «Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы», 2 томдық «Ұлы даланың көне сарындары», 10 томдық «Дала фольклорының антологиясы» және «Даналық әліппесі».

   Сонымен қатар «Bookcrossing»  мектебіміздің кітапханасында қолданып келе жатыр. Акция мақсаты балалардың кітапқа деген қызғушылығын арттыру, бір-бірлерімен кітап алмасу. «Bookcrossing»  қазақша «кітап сыйла» немесе «кітаптың айналымда жүруі» дегенді бідіреді.
Қазіргі уақытта осы жобалар арқылы кітапхана жоспарға сай жұмыстануда.

 

24 09 2021 1

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz