banner1
banner2
banner3

2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша есеп

2024 жылы білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер барлық санаттағы азаматтар үшін білім алудың қолжетімділігін және сапасын арттыруға бағытталды. Осы есепте білім алушыларды қабылдау және ауыстыру, тамақтандыруды қамтамасыз ету, демалысты ұйымдастыру, жеке оқытуды ұйымдастыру, мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау, педагогтерді аттестаттау және білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері ұсынылған.

1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"

2024 жылы Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебіне қабылдау үшін 11 өтініш түсті. Оның ішінде 9 өтініш электрондық жүйе арқылы өңделді. Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралып, әр баланың білім алу құқығы қамтамасыз етілді.

2. "Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балалар ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"

Білім беру ұйымдары арасында оқушыларды ауыстыру 8 өтініш негізінде жүзеге асырылды. Нәтижесінде 8 оқушы басқа мектептерге ауыстырылды, олардың 5 аудан шегінде, 3 облыс шегінде ауыстырылды.

3. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну"

2024 жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар 29 оқушы тегін және жеңілдікпен тамақтандырумен қамтамасыз етілді. Бұл жалпы оқушылар санының 66%-ын қамтуға мүмкіндік берді.

4. "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру"

2024 жылы жазғы демалысқа 29 өтініш қабылданды, олардың ішінде 2 жолдама қала сыртындағы лагерьлерге, 29 мектеп жанындағы лагерьлерге берілді. Демалыс бағдарламасы әлеуметтік осал санаттағы балалардың 100%-ын қамтыды.

5. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау"

2024 жылы үйде жеке оқыту үшін өтініш түспеді.

6. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"

2024 жылы мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін 14 өтініш берілді. Есепті кезеңнің соңында 14 бала қабылданды, оның ішінде 14 тұрғылықты жері бойынша, 14 электрондық кезек арқылы.

7. "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру"

2024 жылы экстернат нысанында оқуға рұқсат алу үшін өтініш түспеді.

8. "Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау"

2024 жылы педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауға 5 өтініш берілді. Оның ішінде 5 педагог сәтті аттестаттаудан өтті, 5 педагог «педагог-модератор» біліктілік санатын алды. Барлық ұсынылған құжаттар белгіленген мерзімде өңделді, бұл процестің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етті.

9. "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"

2024 жылы білім туралы құжаттардың телнұсқасын беру үшін 1 өтініш қабылданды. Барлық өтініштер белгіленген мерзімде өңделіп, 1 телнұсқа берілді.

Қорытынды

2024 жылы білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер белгіленген сапа стандарттарын ескере отырып, толық көлемде көрсетілді. Болашақта мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, жаңа цифрлық шешімдерді енгізу және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

 

call-centre
Call-центр

 

 

gossymbols
Государственные символы

 

 

poslanie
Послание Президента

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111ru