banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«ОЖСБ-ға дайындық сапасының мониторингі мен әдістемелік көмек беру мәселесі» кеңестік сағат

   2019 жылғы 28 ақпан күні Баянауыл ауданындағы №2 жалпы орта білім беру мектебінде «ОЖСБ-ға дайындық сапасының мониторингі мен әдістемелік көмек беру мәселесі» тақырыбында математика пәні мұғалімдерінің кеңестік сағаты өтті. Мақсаты: оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың тиімділігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу. Жалпы орта білім беру мектептерінен 21 математика пәнінің мұғалімдері қатысты. Кеңес сағатты білім бөлімнің әдіскері Гүлмира Қабдымүлікқызы Қошанова ұйымдастырды. ОЖСБ-ға алынған байқау тест нәтижесін таныстырып өтті. Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жаңыл Олжатайқызы Бәкірова мен Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі Шынар Саламатқызы Байгелова «Математика пәнінде ОЖСБ-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында тәжірибе алмасты. З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі Нұргүл Бақытқызы Мерғалиева мен Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенің математика пәнінің мұғалімі Хабдыкәкім Рымбайұлы Түсіпбаев «ТЖБ,БЖБ 3 тоқсан бойынша дайындық аясында тапсырмалар құрастыру» тақырыбында кеңес ұйымдастырды. Кеңес сағатта мұғалімдерге ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz