Жаңалықтар
«Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану» атты аймақтық семинар өтті
- Толығырақ
- Жарияланды 15.03.2019 06:48
2019 жылғы 15 наурыз күні Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану» тақырыбында семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты жаңартылған білім беру бағдарламасында оқу мақсатына тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жету. Семинарға Баянауыл аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен бес мектептен 29 бастауыш сынып мұғалімдері, математика, биология, қазақ тілі, физика, орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану,денешынықтыру мұғалімдері және кітапханашылар қатысты.
1-сыныпта математика пәнінен «Азайту амалына берілген есептер» тақырыбында Гүлмира Қызырқызы Ғалижапарова, 3-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Наурыз –жыл басы» тақырыбында Сандуғаш Қайроллақызы Әблешева, 2-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Дара және күрделі зат есімдер» тақырыбында Назым Сайдығалиқызы Қадыр, 7-сыныпта ағылшын тілі пәнінен «Refugees and natural disasters» тақырыбында Ботагөз Асқарқызы Қожанбаева, 8-сыныпта биология пәнінен «Эндокриндік бездер қызметінен туындаған аурулар» тақырыбында Айымжан Сайдығалиқызы Байжанова, 5-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен М.Қабанбайдың «Бауыр»тақырыбында Салтанат Сәрсенбайқызы, 8-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда»тақырыбында Перизат Нәсірқызы Садықова, 3-сыныпта орыс тілі пәнінен «Казахский соловей» тақырыбында Алтын Хозыхан, 7-сыныпта физика пәнінен «Қуат»тақырыбында Нәзгүл Әнуарбекқызы Ахтаева, 9-сыныпта алгебра пәнінен «Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру»тақырыбында Шынар Салауатқызы Байгелова, 10-сыныпта өзін-өзі пәнінен «Тылсым дүние ғажаптары»тақырыбында Марал Төлегенқызы Бейсекеева, 6-сыныпта денешынықтыру пәнінен «Гимнастикалық жаттығулар»тақырыбында Бауыржан Болатбекұлы Елубаев жаңартылған бағдарламалар аясында жаңа амалдарды қолдана отырып, тәжірибелік сабақтар арқылы өз шеберліктерін көрсетті.
«Мейірім шашқан жүрегім» тақырыбында тренингті мектеп психологі Динара Бекжігітқызы аудан мектептерінен келген мұғалімдермен өткізді. Кітапханашыларға арналған семинардың бағдарламасы бойынша мектеп кітапханашысы Динара Нұрсағатқызы Оразбаева мен тәлімгер Айдын Егінбайқызы Ибадульдина 10-сынып оқушыларымен бірге «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстырды. «Білгір кітапханашы» сайысында мектеп кітапханашыларын екі топқа бөліп жоғары деңгейде жарыс ұйымдастырды. Тарих пәнінің мұғалімі Эльмира Мырзағалиқызы Коккузовамен бірлесіп, «Туған өлке-тұнған шежіре» тақырыбында танымдық сағатты 5-сынып оқушыларымен өткізді.
Семинар соңында қорытындылар шығарылып, арнайы ұсыныстар қабылданды.