banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Үздік сабақ әзірлемесі-2019» облыстық байқауының іріктеу кезеңінің жеңімпаздары

    Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Үздік сабақ әзірлемесі - 2019» атты І облыстық конкурсының іріктеу кезеңі өтті. Конкурсқа жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде және орыс тілінде оқытатын мектептерде Қазақстан тарихы пәнін қазақ тілінде оқытуды енгізуші мұғалімдер қатысты.

   Барлық аудандар мен қалалардан 75 мұғалімнің жұмысы іріктелген болатын. Пәндерді ағылшын тілінде, қазақ тілінде оқыту әдістемесін меңгерген қазылар алқасының құрамындағы ПМПУ оқытушылары, әдіскерлер, мектептердің тәжірибелі ұстаздары мәреге шыққан қатысушыларды анықтады.

   Баянауыл ауданы бойынша осы байқауға алты мұғалім ұсынылған болатын. Олар: №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құндыз Габдулрашитқызы Рахимжанова, №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің биология пәнінің мұғалімі Гүлшат Иманмашрупқызы Сәбитова, Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Самал Елмұратқызы Кәрімова, Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің химия пәнінің мұғалімі Гүлжанат Асқарқызы Ералина, №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Сәуле Жақсылыққызы Рахимбекова, №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Раушангүл Төлегенқызы Исмагамбетова.

   Байқау нәтижесі бойынша №2 Майқайың ЖОББМ-нің Қазақстан тарихы пәнінен Сәуле Жақсылыққызы Рахимбекова мен физика пәнінің мұғалімі Құндыз Габдулрашитқызы Рахимжанова және Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ-нің информатика пәнінің мұғалімі Самал Елмұратқызы Кәрімова жеңімпаз атанды. Баянауыл ауданы бойынша үш мұғалім 2019 жылғы 26 сәуірде олар сабақтарын қорғайды.

   Жеңімпаз мұғалімдерге сәттілік тілейміз. Жеңістің биік тұғырынан көрінсін!

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz