banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Республикалық фестиваль жеңімпаздары

   Атырау қаласында Республикалық фестиваль-конкурсы өткізілді. Баянауыл ауданы бойынша байқауға Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушылары барды.

   Фестиваль қорытындысы бойынша Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушылары Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» повесінің желісі бойынша Байғали Есенәлиевтің «Қанды азу» қойылымын қойып, үшінші дәрежелі жүлдені жеңіп алды. Табиғат пен адам арасындағы байланыс пен қарама-қайшылықты қойылым барысында сипаттап берді. Сахналық қойылымды Мейіржан Баршынбаев, Абзал Олжатай, Қарлыға Құсайын, Біржан Оңалбай, Ермек Жұмабаев, Әділет Серікбай, Абылай Насреддин, Бернар Дәулетқали, Меруерт Нағымтаева, Сағыныш Сапарғалиева, Назерке Әбен, Болат Кашкеев, Ержан Жәкенов, Нұрерке Әбдікәрім, Алтын Ақылбек, Балжан Қамалиева жақсы деңгейде сомдап шықты. Оқушыларды қойылымға дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дидар Құзайырқызы Шитова.

   Республикалық фестиваль-конкурсына оқушылар алғаш рет қатысып отыр. Мұнайлы өлкемен танысып қана қоймай, басқа облыстардан келген оқушылармен өзара тәжірибе алмасты. Осындай жеңімпаздардың актерлік шеберліктерін дамытуға мектеп базасында өткізілетін «Сахна сазы» атты үйірме жұмысының ықпалы зор.

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz