banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Бүлдіршін ХХ» аудандық іріктеу балалар шығармашылық фестивалі

 

    Баянауыл ауданы бойынша 2019 жылғы 23 сәуір күні Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мәдени сауықтыру орталығында мектепке дейінгі мекемелер арасында «Бүлдіршін ХХ» аудандық іріктеу балалар шығармашылық фестивалі өтті. Бұл фестивальға білім мекемелеріндегі мектепалды даярлық тобы, балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиеленушілері қатысты. Вокал (хор, жеке дауыс, халық және эстрадалық әндер), хореография (халық, эстрадалық және спорттық би), балалар оркестрі, көркем сөз (проза, поэзия, сахналық қойылымдар) бойынша іріктеу кезеңдерін өткізді.

   Аудандық фестивалге аймақтық байқауларда жүлделі орын алған тәрбиеленушілер қатысты. Жас ерекшеліктері 4 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қамтиды. Аудан бойынша 82 өнерпаздардың шығармашылық бағдарламасы ұсынылды.

   Сайыс барысында жеңімпаздар анықталып, облыстық іріктеу турына жолдама алды. Ақши жалпы орта білім беру мектебінің даярлық топ тәрбиеленушісі Сезім Бақыт «Анамның мерекесі» әні, «Ұшқын» бөбектер-бақшасының тәрбиеленушісі Әлихан Тынымхан «Балалық» әні, Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектеп жанындағы «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиеленушісі Айару Кенжетай «Тәй-тәй» әні, Баянауыл ауылының бөбектер бақшасының тәрбиеленушісі Ділнәз Серік «Нұрлы көктем» әні, «Ұшқын» бөбектер-бақшасының тәрбиеленушілері Айсана Махаленова, Нармина Досмағамбетова, Медина Амантай, Гүлім Нұртаева, Әйгерім Бозжігітова, Сара Хавимолда «Бұлттар»биі, «Үшқұлын» бөбектер-бақшасының тәрбиеленушілері Райана Сағынтай, Аяжан Мұратбек, Карина Богдашина, Фәтима Берікқызы, Балжан Ағайынқызы, Айару Жомартқызы «Сағаттар» биі, № 2 жалпы орта білім беру мектебінің даярлық сынып тәрбиеленушілері Азалия Алтынтасова,Біржан Балтабай, Әділ Бейсенбай, Айдана Жанат, Әдия Қанат, Нұрали Қайырлы, Аяулым Өмірбек, Нұрдәуір Сейлбек «Тышқандар күлкісі» биі, «Баянауыл ауылының бөбектер бақшасының тәрбиеленушілері Аружан Нұршаева, Дарина Есімтаева, Дамиля Оспанова, Кәусар Төлепберген, Елдар Дүйсенбек, Бекнияз Сұңғатбек, Ақмерей Берікбайқызы, Ділнәз Серік, Нұрали Балмұрат, Айханым Сағадат, Еркежан Абзал, Нұрдос Айткен, Расул Әбенов, Кәусәр Айтмұқан, Ханиса Молдаш, Шыңғыс Мыңғыш, Ділназ Сәден, Азиз Біржан, Айғаным Желкобаева, Медина Рақметтола «Аватар-таңғажайыптар әлемі»биі, Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің даярлық сынып тәрбиеленушісі Абай Пәзіл «Мәшһүр Жүсіп атаның өзін таныстыру» өлеңі, «Үшқұлын» бөбектер бақшасының тәрбиеленушісі Перизат Бораншы «Кереку кербездері», Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектеп жанындағы «Балбұлақ» бөбектер бақшасының тәрбиеленушісі Саяжан Солтанбай «Баян деген», Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Мәди Құрманғазы «Баянауыл» өлең-жырларын оқуда көркем сөз шеберліктерін танытты. Облыстық кезеңге жолдама алған бөбектерге сәттілік серік болсын!

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz