banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Әнші болар баламын»облыстық байқаудың жеңімпазы

    Павлодар облысының мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасының қолдауымен және «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының ұйымдастырумен 2019 жылғы 15 маусым күні «Әнші болар баламын» атты көркемөнерпаз балалар шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты Павлодар облысындағы ауылдық аймақтарының балалары арасында балалар көркемөнерпаздық шығармашылығын дамыту және қолдау, сонымен бірге балаларды өнерге, көркемөнерпаздық шығармашылыққа баулу, олардың патриоттық сезімдерін, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, эстетикалық тәрбие беру. Халық шығармашылық жанрларын насихаттау, жас таланаттарды жарыққа шығару.

   Баянауыл ауданы бойынша Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектеп жанындағы «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиеленушісі Айару Талғатқызы Кенжетай осы байқауға қатысты. Байқаудың шарттары бойынша қатысушы 2 шығарма орындады. Вокалдық орындауда «Әжетай» мен «Тәй-тәй» халық әндерін жанды дауыста орындап берді.

   Байқау қорытындысы бойынша Айару Кенжетай бас жүлдені жеңіп алды. Айаруды осы байқауға жоғары деңгейде дайындаған шағын орталық тәрбиешісі Айман Тұрсынқызы Алпысова.

   Айару «Бүлдіршін» аудандық фестивалінде І орынды жеңіп алып, облысқа жолдама алды. Облыстық «Бүлдіршін» фестивалінің лауреаты атанды. Алматы қаласында өткен Халықаралық «Бозторғай» байқауында вокал жанры бойынша ІІІ орынды жеңіп алған болатын. Айарудың шығар шыңы, алар асуы көп болсын!

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz