Жаңалықтар
Компьютер берілді
- Толығырақ
- Жарияланды 30.09.2020 11:20
Баянауыл ауданы бойынша 7 білім беру ұйымы қашықтан білім алуда. 2020 жылғы 30 қыркүйек күні Павлодар облысының Білім беру басқармасы қашықтықтан оқитын мектеп оқушыларына жаңа жиынтық компьютерлер жіберді. Баянауыл ауданының көп балалы және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына 126 компьютер таратылды. Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебіне-6, Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебіне-6, №2 жалпы орта білім беру мектебіне-10, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатына-26, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебіне-27, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебіне-23, №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебіне-28 дана компьютерлер мектеп балансында болады. Білім беру үдерісін сапалы жүзеге асыру үшін компьютерлер қажет. Осындай игі іс-шаралар әлі де жалғасын табады.