banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Бастауыш сынып оқушылары арасында VIII облыстық математикалық турнирінің жеңімпаздары

 

   «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы бастауыш сынып оқушылары арасында VІІІ облыстық математикалық турнирін қашықтық форматындағы Goоgle-форма платформасында өткізді.

   Пандемияға байланысты математикалық турнир жазбаша жеке тур бойынша өтті. Оқушылар математика пәнінен әр сыныпқа арналған 20 сұрақтан тұратын тест орындады. Әр сынып бойынша үйлестірушілерге өту үшін сілтеме жіберілді. Барлық оқушыларда жеке компьютер немесе ноутбуктері болды. ZOOM-да оқушыларға бақылау жүргізілді.Турнирге облыс бойынша 115 оқушы қатысты.

   Турнирдің қорытындысы бойынша Баянауыл ауданынан №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Диляра Сайдуллаева I дәрежелі диплом, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 2-сынып оқушысы Мансур Исламиденова II дәрежелі дипломды иеленді. №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 3-сынып оқушысы Виктория Ржанова I дәрежелі дипломмен, №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 4 –сынып оқушысы Диана Смайлова III дәрежелі дипломмен марапатталды.

   Оқушыларды жоғары деңгейде турнирге дайындаған жетекшілері: Оксана Максутовна Галюдкина, Сәбина Төлегенқызы Халимоллина, Дариға Талапкерқызы Жүнісова, Жәмиля Ерғалиқызы Мұратова. Оқушыларымыз биік белестерді бағындыра берсін.

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz