banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Жұмыла көтерген іс нәтижелі ...

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасымен «Кітап оқуға құштар мектеп» жобасы аясында бірқатар жұмыстар қолға алынды.

   «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыру және жүйелі таныстыру негізінде Баянауыл ауданына қарасты 26 жалпы орта, негізгі, бастауыш мектептерінде жиналыс өтті. Жиналысты мектеп кітапханашылары қашықтықтан және санитарлық талаптарды сақтай отырып бетпе-бет (офлайн) өткізді. Жиналысқа барлық мектептердің ата-аналары, оқушылары, пән мұғалімдері, мектеп әкімшіліктері, мектеп ұжымдары қатысты.

   Халықаралық сарапшылардың айтуынша, жетістіктерге қол жеткізіп, бәсекеге қабілетті әрі қазіргі қоғамда өзара байланыс орната білетін тұлға болып қалыптасу үшін кітап оқуға деген құштарлықты дамыту қажет. «Кітапхана – кітаптардың, оқулықтардың, көркем әдебиеттің қоры. Кітапхана оқушының кітапқа құштарлығын арттыратын орын болу керек. Сондықтан ата-аналармен бірлесе отырып, көптеген іс-шараларды жүзеге асырулары қажет.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz