banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

«Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орай өткізілген іс-шаралардың тиімділігі.

    Баянауыл ауданына қарасты жалпы, негізгі білім беру мектептерінде «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орай іс-шаралар өткізілді.

   Оқушыларға адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Жерді құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрете отырып, қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Туған жердің табиғатын аялауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру мақсатында мектеп ұстаздары мен оқушылары ерікті түрде «Таза бұлақ» акциясы негізінде ауылдың ортасынан ағып жатқан бұлақтың маңайын, «Таза мектеп ауласы»тақырыбында мектеп ауласын қоқыстардан тазалады.

   Адам-табиғаттың ажырамас бөлшегі. Сондықтан оны қастерлеп, ластануына жол бермеу маңызды. «Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы», «Қоршаған ортаны қорғайық», «Адам- табиғаттың досы» тақырыбында 1-8 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өтті.

   «Табиғатты аяла» тақырыбында Әлкей Марғұлан жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушылары «Айдабол» дүкенінің маңына пластикалық бөтелкелерді тастайтын тор жәшігін орнатты.

   Жайма, Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектептерінде «Таңғажайып әлем», «Бізді қоршаған орта», «Жасыл әлем-балалардың көзімен» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары сурет сайысына қатысты.

    Салауатты өмір салтын насихаттау аясында «Jasyl cross-2021» спорттық марафоны өз мәресіне жетті. Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары бір рет қолданатын полиэтилен пакеттерден бас тартып, экологияны таза ұстауға үлес қосуға шақыру мақсатында «Менің эко сөмкем» тақырыбында байқау ұйымдастырды. Әлияна Теміржанның өз қолымен жасаған бұйымы тартымды шықты.

   Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары «Баянаула табиғатына саяхат» тақырыбында презентация сайысын өткізді.

   Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі «Қазақстанда экологиялық апатты аймақтар» тақырыбында бейнематериалдар көрсетті. «Адам - табиғат перзенті» тақырыбында эссе жазды.

    Д.Рахметов атындағы жалпы орта білім беру мектебі мен Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені, Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің топ оқушылары «Қалдық заттарды пайдаға жаратамыз» акциясын ұйымдастырды. Қалдық пластик бөтелкелерді пайдалана отырып, сый кәделер жасады.

   «Табиғатты аялайық!» тақырыбында оқушылар іс-шара соңында «Ақбет» тауына, табиғат аясына серуенге шығып, саяхат жасады. Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды.

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz