banner1
banner2
banner3

Жаңалықтар

Республикалық олимпиада жеңімпазы

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультеті базасында өткен Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндері бойынша республикалық олимпиаданың финалдық турынан өтіп, жоғары ғылыми деңгей көрсеткені үшін №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Айзада Оралбаева Дипломмен марапатталды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Баян Рақымжанқызы Шөкина.

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің базасында дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы пәндері бойынша 10-11 сыныптарға арналған Республикалық олимпиада өтті. Олимпиада ІІІ кезеңнен тұрды. І кезең ақпан айының 7-8-і күндер аралығында онлайн түрінде өткен дода 86 ұпай жинап, екінші кезеңге жолдама алды. ІІ кезең 1-10-ы наурыз аралығында оқушы «Қазақ тарихында күміс металлдың маңызы» атты ғылыми жоба жазып жіберді. Олимпиадаға 800 оқушы қатысып, іріктеуге 45 оқушы қатысты. Финалдық туры 30-31 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультеті базасында өтті. Армандарыңа қанат бітіріп, ғылым жолында биік шыңдарды бағындыра бер, Айзада!

 

 

 

call-centre
Call-орталығы

 

 

gossymbols
Мемлекеттік рәміздері

 

 

poslanie
Президент Жолдауы

 

 

mangelik
"Мәңгілік ел"

 

 

banner111kz